Саясат

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін Германия Федерациялық Республикасы 1991 жылғы 31 желтоқсанда мойындаған. Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 11 ақпанда орнатылды. Қазақстан-германия қарым-қатынастары ГФР-на Президент Н. Назарбаевтың бірінші ресми сапары және Қатынастардың негізі туралы бірлескен өтінішке, сондай-ақ әр салада бірқатар шарттар мен келісімдерге қол қою барысында салынды. 1992 жылы Қазақстанда ГФР Елшілігінің ашылуы және 1993 жылы Германияда ҚР Елшілігінің ашылуы бұдан арғы диалогтың жоғары деңгейде өрбуіне қосымша ынталандыру болды. Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас дамудың үдемелі серпінімен сипатталады. ГФР Орталық Азияға қатысты ЕҚ стратегиясын әзірлеуге бастамашы болды, құжат 2007 жылғы 22 маусымда Брюссель қаласында өткен ЕҚ саммитінде қабылданған. Берлин ОБСЕ төрағалығына Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдады. Германия Қазақстанның ОЭСР кредиттік рейтингінің артуына ықпал етуде, ДСҰ-на ену мәселелері бойынша жәрдем көрсетуде. Өз кезегінде Қазақстан ГФР-ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері қатарына кіруге талпынысын қолдайды. Байланыстар жоғары және аса жоғарғы деңгейде нығаюда.

Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылған кезден бастап ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Германияға 7 ресми сапармен (1992, 1997, 2001, 2004, 2007, 2009, 2012 жылдары) барған. Қазақстанға ГФР президенті Р. Херцог (1995ж), Федералдық канцлері Г. Шредер (2003 жылғы желтоқсан), президенті Х. Келер (2008 жылғы қыркүйек),ГФР Федералдық канцлері А. Меркель (2010 жылғы шілде, желтоқсан) келген. Қазақстан-германия қарым-қатынасындағы маңызды оқиға Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 7-8 ақпандағы Германияға сапары болды, сапар барысында саясат және экономика саласындағы өзара іс-әрекетті жандандыру бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Орнықты екіжақты саяси диалог ГФР Сыртқы істер Федералдық министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы Астана қаласына ресми сапары барысында жалғасты, сапар кезінде ол «Әлемге ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» конференциясына қатысты, сондай-ақ Мемлекет басшысымен, СІМ, ИЖТМ және басқа да органдар басшылығымен кездесті. 2013 жылғы 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Германияға ресми сапармен барды, ол Германия сыртқы саяси ведомствоның басшысы Г.Вестервеллмен келіссөздер жүргізіп, Берлин Еуразиялық клубында сөз сөйледі. Сапар шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты.

Парламентаралық қарым-қатынастар

Қазақстан-германия қарым-қатынастары тарихында Бундестаг Президенті Н.Ламмерттің 2010 жылғы 12 қазандағы Қазақстанға бірінші ресми сапары айрықша маңызға ие болды. 2012 жылғы 20-22 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллин Германияда ресми сапармен болып, Бундестаг президенті Н.Ламмертпен, ГФР СІМ, Кербер атындағы қорда, жергілікті қоғамдық-саяси және іскерлік топтармен кездесулер өткізді. Екі елдің заң органдары арасында тұрақты байланыс жолға қойылған. Қазақстандық Сенат пен Мәжіліс депутаттары және Бундестагтағы «Германия және Орталық Азия» парламенттік тобы мүшелері арасындағы кездесулер үнемі болып тұрады. 2013 жылғы наурыз және сәуір айларында Бундестаг депутаттары Ф. Миссфельдер мен Х.-В. Эренбергтер Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісінің басшылығымен, министрліктер мен ведомстволарда кездесулер өткізді.

2013 жылғы 3 қыркүйекте Бундестагта «Қазақстан Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында экономикалық және туристік орталық ретінде таныстырылады» атты қазақстан-германия форумы өтті, оның жұмысына ГФР парламентінің мүшелері, неміс саяси және іскер топтардың өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамына Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің комиссары Р. Жошыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Бекенов, Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.Рау, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы Т. Ермегияев, ИЖТМ Индустрия және туризм комитеті төрағасының орынбасары Д.Бектібаев және т.б. кірді.