Мәдениет

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстанның Германиядағы жылы (2009) мен Германияның Қазақстандағы жылы (2010) екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеуіне үлкен серпін берді.

Соңғы жылдары еліміздің өнер адамдары, жас дарындарымыздың қатысуымен мәдениет, спорт және басқа да гуманитарлық салаларда өткен түрлі шараларға толы болды.

Маңызы зор шаралардың бірі – 2011 ж. 24 наурызда Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Түркия мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларымен бірлесе Халықаралық Наурыз мерекесі болды. Бұл шараға мыңнан астам неміс саясаткерлері, депутаттар, іскерлер, мәдениет өкілдері қатысып, олардың назарына әр мемлекет өзінің ұлттық-мәдени бағдарламаларын ұсынды. Қазақстан тарапынан кеште Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық-этнографиялық «Тұран» ансамблі өз өнерін көрсетіп, қонақтар наурыз-көже, қуырдақ, бауырсақ, құрт, ірімшік және т.б. қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Еліміздің бас Ұлттық мейрамы – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойы шеңберінде жыл бойы көптеген мәдени шаралар өтті.

19 қазанда Берлин қаласындағы Гумбольдт университетінде «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл: Қазақстанның жетістіктері және болашағы» атты тақырыптағы симпозиум мен «Қазақстан – Еуропа мен Азия арасындағы көпір» фотокөрмесі болды.

Сондай-ақ Елшілік Қазақстан Республикасының Германиядағы Құрметті консулдарымен бірігіп, Берлин қ., Баден-Вюртемберг және Бавария федералдық жерлерінің астаналары Штутгарт пен Мюнхенде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік шаралар өткізді.

ҚР Германиядағы Құрметті консулдардың белсенді ат салысуымен еліміздің тәуелсіздігіне 20-жыл толу мерекесі Германияның басқа да көптеген қалаларында, атап айтқанда, Дрезден, Бремен, Ганновер, Гамбургта атап өтілді.

Қазақ және неміс студенттері де мәдени шараларға кеңінен ат салысуда. Олардың көмегімен Германияда әр-түрлі мәдени шаралар, концерттер, әдеби кештер, көрмелер өткізіліп тұрады.

Неміс оқырмандарына арналған «Қазақ кітапханасы» жобасы табысты жалғастырылуда. Әсіресе, М.Әуезовтың «Абай жолы» мен І.Есенберлиннің «Көшпенділер» атты роман-трилогиясының 3 томы неміс тілінде басылып шығарылды.

2013 жылдың қаңтар мен шілде айларының аралығында Бохум қаласында кен ісі неміс мұражайында «Белгісіз Қазақстан Еуразия орталығында археология» атты көрме өткізілді. Аталған көрме Германия елінің президенті Бундестаг Норберт Ламмерттің және ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нурлан Нигматулиннің қамқоршылығында болғаны есте қаларлық.

2013 жылғы 24 наурызда Берлиннің Мемлекеттік этнологиялық мұражайында Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия және Өзбекстан елшіліктері бірге ұйымдастырған Наурыз мейрамының мерекелеуі өтті.

2013 жылғы 8 сәуір күні Берлинде Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен өнерінің және «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында неміс тілінде жарық көрген І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының тұсаукесері бойынша бірлескен қазақ-герман шарасы өткізілді.

ГФР СІМ жанындағы «Willkommen in Berlin» (Берлинге қош келдіңіз) Дипломатиялық клубымен бірге ұйымдастырылған және үлкен шынайы қызығушылық тудырған шараға 100-ден астам кісі қатысты.

2013 жылғы 2-5 мамыр кезеңінде Берлинде «Жұлдызды жаңбыр» атты халықаралық балалар-жасөспірімдер өнер байқауы өтті. Мәдени сайысқа Қазақстан, Ресей, Германия мемлекеттерімен қатар, әлемнің 40 елінің музыка-хореографиялық және би ұжымдары қатысты. Қазақстан Республикасын фестиваль бағдарламасында алғашқы рет қатарынан үш өнерпаздық ұжымдар паш етті: Жезқазған қаласы балалар мен жасөспірімдер сарайының «Мақпал» балалар хореографиялық ансамблі, Алматы қаласының «Көкіл» жекеменшік мектебінің «Мұрагер» фольклорлық ансамблі, сондай-ақ Маңғыстау облысы Құрық балалар өнер мектебінің «Балауса» би тобы.

Жеңіс Күні мерекесіне орай ү.ж. 8 мамырда Берлинде атақты Трептов-парк пен Бранденбург қақпасы мен Рейхстаг ғимараты маңында қала орталығында орналасқан Тиргартен ауданындағы азат етуші жауынгерлер ескерткіштеріне алқагүлдер қою рәсімі өтті.

Hans Schiler Verlag баспасы, Voltaire клубы және Quichotte әдеби үйімен бірлесе отырып, сондай-ақ жергілікті басқарушы органдарының белсенді қолдауы арқылы, ГФР-дың Тюбинген қаласында Герольд Бельгердің «Кезбенің үйі» (Дом скитальца – Das Haus des Heimatlosen) кітабының әдеби кеші өткізілді.

Спорт саласындағы ынтымақтастық та әрі қарай тереңдеуде. Берлинде неміс спорт ұйымдарымен бірлесе Астана және Алматыда өткен 7-ші Қысқы Азия ойындарының қорытындылары бойынша кеш ұйымдастырылып, қонақтардың назарына «Азиадаға» дайындық барысы мен қорытындылары туралы деректі фильм ұсынылды.

Қазақстанның бұрынғы азаматы, Қазақстанның «тоғыз құмалақ» ойыны бойынша жеңімпазы Юрий Нольдтың ұйымдастыруымен Германияда бірнеше рет «Тоғыз құмалақтан» жарыс өткізілді.