Білім және ғылым

Білім саласындағы ынтымақтастық

Екі ел арасында білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық пәрменді дамып келеді.

1999 жылдан бері мамандарды неміс стандарттары бойынша дайындайтын Алматыда Қазақ-Неміс университеті жұмыс істейді. 1994 жылдан бері Қазақстанда Гете институты, 1989 жылы Герман академиялық алмасу қазметі (ДААД), Герман педагогикалық алмасу қызметі жұмыс істейді.

Германияда 2009 жылы «Болашақ» Халықаралық бағдарлама Орталығы ашылып, осы елде оқитын қазақстандық студенттердің форумын өткізу дәстүрге айналды.

Қазақ тіліне құштарлар үшін әлемдегі әйгілі университеттердің бірі – Гумболдьт университетінің қабырғасында Еуропа мен алыс шетелдегі тұңғыш «Қазақ тілі мен Қазақстан» атты лекторатының қызметі екіжақты білім саласындағы қатынастарға серпін берді.

Германия мен құрылықтық Еуропадағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» (ХБО) АҚ Өкілдігі ҚР ГФР-дағы Елшілігінің қолдауымен 2013 ж. 2 маусым күні Берлинде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20-жылдығына арналған салтанатты студенттік жастар форумын өткізді. Жастар фестивалі нұсқасында ұйымдастырылған Форум шеңберінде әртүрлі қызықты шаралар өткізілді. Германия жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақстандық студенттер өздерінің ой-өрістері мен білімпаздықтарын көрсетті, өнерлерін ұсынды, сондай-ақ шара шеңберінде өткізілген жастар спартакиадасында футбол, теннис, бадминтон, волейбол сияқты спорт түрлерінде шеберліктерімен көзге түсті.

2013 жылдың шілде-тамыз айларында Қазақстанның ұлтық тарихын зерттеу бағдарламасы шеңберінде, қазақстанның ғалым тарихшы К.Т. Жұмағұловтың Тюбинген Университетіне іссапары жүзеге асырылды. Университеттің мұрағаттары мен кітапханаларында жұмыс атқару барысында қазақ халқының тарихы, мәдениеті және дәстүрі бойынша қосымша білім алынды.