Мәдениет

Мәдени даму тенденциясы

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап мәдени өмірде үлкен, сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық қатынастар дами бастады.
Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі – мәдениетті ұлттың рухани байлығы ретінде дамыту және жандандыру.
Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанның мәдени даму барысында ерекше серпіліс пайда болды. Мәдениет, өнер қайраткерлері өз шабыттары мен ұмтылыстарының тек өз шығармашы лық табыстары ғана емес, сонымен бірге бүкіл мәдениетіміздің даму жағдайы сол табыстармен байланысты екендігін түсінді. Көптеген қайраткерлер өздерінің жеке мектептерін аша бастады. Соның ішінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованың музыкалық колледжі, өнертанушы Евгений Гуцалюктің көркемсурет мектебі, суреткер Бақыт Талқамбаевтың «Арттерапия» мектебі, »Қызғылт жал» атты халықаралық би фестивалінің қарамағындағы осы аттас би мектебі т. б. Сонымен бірге бірнеше жаңа творчестволық одақтар құрылды. Атап айтқанда:»Театр қайраткерлерінің одағы, »Хореографтар одағы», »Балетмейстерлер одағы». Галерея қозғалысы да жандана бастады, бұрынғы белгілі «Ұмай тәңірі», »Ұлар», »Вояджер», »Ретромен бірге жаңа «Арт-нават», »Ою», »Трибуна» галереялары өз жұмыстарын бастады. Жаңа әдеби қоғамдар құрыла бастады, солардың ішінде Рудный қаласында (Солтүстік Қазақстан облысы) жарық көретін «Пигмалион» әдеби-көркем журналы. Бұл басылым жаңа әдеби ағымдағы тәжірибелерге бағытталған. Еліміздің осы өңірдегі прогрессивті суреткерлерімен тығыз байланыстағы мәдени журнал «Тамыр» қазақ және орыс тілдерінде басылатын мәтіндерін парасатттылық ой-өріске бағыттайды.
Еліміздің негізгі мәдени орталығы Алматының шығармашылық өмірі түрлі мәдени шараларға толы, апта сайын көркемөнер көрмелері, он жыл қатарынан халықаралық ән фестивалі «Азия дауысы», және оның жас орындаушыларға арналған «Жас қанат» фестивалі, классикалық би өнерінің фестивалі, авторлық әндер конкурсы, ақындар айтысы өткізілуде, шоу-бизнес белсенді түрде дамуда.
Жалпы алғанда Қазақстанның кәсіби өнері еуропалық және жергілікті қазақи қалып пен тақырыптарды біріктіре білді, сондықтан хх ғасырда ол өнердің барлық саласында дамып, ойлау ұстанымында еуразиялық болып табылады. Бұның негізінде біздің ұлттық қалып пен мәдени мұраларға толығымен сүйенген орыстың академиялық білімді кәсіби мектебі жатыр. Кеңестік Қазақстанның мәдениет саясатында әрдайым талантты қазақ жастарын Кеңес Одағының ең үздік оқу орындарында білім алуын қамтамасыз ету шаралары болған. Екінші дүние жүзілік соғысы кезінде Қазақстанға, соның ішінде Алматыға көптеген Кеңес Одағының белгілі өнер қайраткерлері үкіметтік жеңілдіктермен эвакуациялануы ұлттық өнеріміздің дамуына өз үлесін тигізді. »Мосфильм» киностудия\сының негізгі бөлігі Алматыға көшірілді. Сол уақытта С. Эйзенштейннің режиссерлігімен «Иван Грозный» фильмі түсірілді. Соғыс алдында ғана құрылған Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде кеңестік үздік профессура(А. Черкасски й, Д. Митрохин)дәріс берді. Сол кездерде алғашқы балалар және жасөспірімдер театры шаңырақ көтерді. Оның негізгі ұйымдастырушысы Наталья Сац есімімен бүгінде орыс балалар және жасөспірімдер театры аталады. Осының бәрі бүгінгі Қазақстан мәдениетінің аяғына тұруына, кәсіби биіктерге көтерілуіне себепкер болды.
Еліміздің мәдени өмірінің дамуыны өз үлесін қосып келе жатқан көптеген мұражайлар мен галереялар бар. Бүгінгі таңда республикамызда 103 мемлекеттік әр бағыттағы, яғни тарихи-ө өлкетану, көркемсурет, әдеби мемориалдық, музыкалық мұражайлар бар.
Астана еліміздің басты мәдени орталығына айналып келеді. Жаңа астанамызда Президенттік мәдени орталықтың шаңырақ көтеруі оның өміріне үлкен жаңалық әкелді. Бұл орталықтың өзгешелігі-өз құрамында мұражай, орталық кітапхана және концерттік залдың болуы. Бұл ТМД мемлекеттеріндегі осы үлгідегі алғашқы орталық.
Астанада халықаралыұ фестивальдар мен конкурстар өткізу әдетке айналды. Атап айтсақ, Қазақстан халықтарының достығы фестивалі, талантты жастардың республикалық «Шабыт» фестивалі, Қазақстанның жылдық ән конкурсы «Алтын диск», Республикалық ақындар айтысы, »Тазша бала» конкурсы, қазақ әндерінің конкурсы т. б.
2004 жылдың қаңтарына Қазақстан мәдениет министрлігінің мәлімдемесі бойынша халыққа мәдени қызмет көрсетуге 48 театр, 21 кинотеатр, 291 жылжымалы және стационарлық киножүйе, 31 концерттік ұйым, 3399кітапхана, 154 мұражай, 1988 клубтық қоғам, 25 демалыс саяжайы, 4 зоопарк өз үлестерін қосты.
Барлық творчестволық үйымдардың материалдық негізі-мәдени құрылыстар сақталып, қайта қалпына келтірілуде. Мәдениет саласында мемлекет аралық қатынастар байланысы қайта жандана түсті. Бүгін Қазақстан өнердің әр бағытында жоғары дәрежедегі халықаралық аренаға көтерілді.
Жақын арада Қазақстанда мәдениетті дамытуға бағытталған «Мәдениет туралы», »Кино туралы» заң жобалары қабылданды. Сонымен бірге осыған байланысты заңды актілер де іске қосылмақ.
Елімізде білімді, терең ойлайтын мамандар даярлауға көп көңіл бөлінген. Осы мақсатпен Қазақ мәдениет өлкетану ғылыми зерттеу институтында ауылдық жерлердегі мәдени орталық қызметкерлерінің білімін арттыру курстары жұмыс істеуде, курстар мен семинар жұмыстары қайта жандандырылуда.
Мәдени дамуымыздың басты мақсаты көп ұлтты Қазақстанда бірыңғай мәдени ақпарат кеңістігін құру. Бұл кеңістіктің ұлтымызды әлемдік деңгейде танытуда, оның рухани байлығын көтеруде, әлемдік қоғамдастықпен тең дәрәжеде болуға қосатын үлесі зор.
Ауыл мәдениетін көтеру ең басты шаралардың бірі болып табылады. Министрлік 2004-2010 жылдары ауыл аймақтарын дамытуға бағытталған Мемлекеттік бағдарлама жұмысына белсенді араласты. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ауылдағы мәдениет ошақтарына көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан мәдениет министрлігі отандық мәдениет пен өнерді жандандырумен, дамытумен бірге халықаралық мәдени қатынастарды жақсартуға да көп көңіл бөлуде. Қазақстанның мәдени саясатының басты бағыты елімізді жалпыәлемдік кеңістікте дұрыс дәрежеде таныту, әлемдік даму тенденцияна шығару. Жалпы әлемдік процесске қатысу, еліміздің жеке хабарлама кеңістігінің болуын қамтамасыз ету Қазақстанның, оның жалпы мәдениетінің қоғамда дұрыс пікірде болуына өте қажет. Осы мақсатта Қазақстан Мәдениет министрлігі ЮНЕСКО-ны ң ауызша және материалдық емес біртұма мұралар жөніндегі кезекті үшінші Прокламациясына қатысу үшін қазақтың материалдық емес мәдени мұралық өнер байлығы күй туралы түсініктеме ұсынды. »Біріккен музыкалық ұлттар бас консулдар таңдауы» атты сериялық радиохабарға қатысу мақсатымен Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігі Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулы Б. Сәрсенбаевқа еліміздің музыкалық мәдениеті жөнінде хабарлама жіберді.
Айта кететін жайт, өткізіліп жатқан түрлі фестивальдар мен концерттер ішкі және сыртқы мәдениет саясатына өз үлесін қосатыны. Бұл шаралардың нәтижесі халықтың барлық тегіне өз әсерін тигізеді, яғни қатысушылардың орындаушылық мәнерін көтереді, көрермендерді хабардар етеді, мәдениет институттарының салаларын байытады. Сонымен бірге «достықты нығайту» мәдени өмірде тек фестивальдар мен концерттер өткізумен ғана шектелмейді, сондай ақ еліміздің халқын мәдени білімдар етуге де көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігімен бірлесе мәдени, білім алу жұмыстарын кеңейту мақсатында көптеген мемлекеттермен қарым қатынастар жүргізілуде. Шет елдерде білім алуға бағытталған Президенттік бағдарлама бойынша өнер, мәдениет саласы бойынша сұранымы көп мамандар дайындау ісі қолға алынған. Қазіргі кезде Германиядағы, Ресейдегі(Сургут қаласы), Башқортстандағы, Қырғызстандағы және т. б. мемлекеттердері қандастарымызбен мәдени, ғылыми байланыстар жүргізу ісі де жақсартыла бастады.
Отандық музыка өнерін шет елдерге насихаттау мақсатында да жұмыстар жүргізілуде. Аталған фестивальдар мен концерттерден өзге халықаралық конкурстарға, ғылыми конференцияларға, шығармашылық жобаларға және бұрынғы Кеңестік Одақ кеңістігіндегі ұрпақ пен мәдениет арасындағы өзара диалог орнату туралы жобаға қатысу көзделуде.
Қазақстан мемлекетін толық дәрежеде таныту барысында компакт дискілер жаздыру, бағалы музыкалық аспаптар сатып алу, шет елдерден белгілі өнер шеберлерін шақырту және өз өнер қайраткерлерлерімізбен тәжірибе алмастыру жұмыстары жолға қойылған.
Сондай-ақ Қазақстанда 2004-2006 жылдарға «Мәдени мұрағат» бағдарламасы қабылданған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық мәдениетімізге елеулі үлес қосар белгілі тарихи мәдени және сәулеттік ескерткіштерді сақтау, қалпына келтіру , үлкен мәдени мұраларды, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениетті. фольклорды, әдет ғұрыпты зерттейтін біртұтас жүйе құру, ұлттық әдебиет пен жазбаның көпғасырлық тәжірибесін іске қосу. Әлемнің ең үздік ғылыми, мәдени және әдеби жетістіктеріне сүйене отырып мемлекеттік тілде гуманитарлық білім берудің сапалы қорын құру. Бұл бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1933, 6 млн. аса теңге бөлінді.

.
Кино

Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм акционерлік қоғамы – 1934 жылы «Алматы кинохроника студиясы» атауымен құрылды. 1944 жылғы 25 қаңтар – Алматы киностудиясы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы болып қайта аталды.
1960 жылғы 9 қаңтарда Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта аталды.
1963 жылғы 8-9 қаңтарда Қазақстан кинематографтары одағының Бірінші Құрылтай съезді өткізілді, бірінші хатшы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды.
1963 жылғы 28 мамырда Қазақ КСР-нің Мемкино – кинематографиясы бойынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік Комитеті құрылды (1963-1988).
1967 жыл – Қазақстанда мультипликациялық фильмдер көрсетіле бастады. Бірінші қазақ мультфильмі Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмі болды.
1984 жыл – «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілді (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы).
2000 жылғы 28 мамыр – Ш.Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, Қазкинопрокат және Мемфильмқоры бірігу жолымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып құрылды;
2005 жылғы 6 маусымдағы N 563 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы» болып қайта құрылды.
.
Театр

Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Оралдағы көпестердің орыс труппасы (1859), Тараздағы гарнизон әскерлері мен офицерлер труппасы (1887), Семейдегі музыка мен драматургиялық өнер сүюшілер қоғамы (1890) қазақ әуесқой театрының дамуына бастама болды. Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.
1910 – 1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы бірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды. 1918-1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж.Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды.
Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж.Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, Ғ.Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды.
1928 жылы бұл театр Қызылорда қаласынан жаңа астана Алматыға қоныс аударып, театрдың шығармашылық құрамында К.Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, У.Тұрдықұлова сияқты өнер майталмандары өнер көрсетсе, ал 30-шы жылдардың ортасында Қ.Қармысов, С.Телғараев, Ә.Үмбетбаев, Р.Қойшыбаевалар қосылды. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.
Республиканың көптеген облыс орталықтарында, атап айтқанда, 1934 жылы Оралда, Семейде, Шымкентте, 1935 жылы Петропавлда, Ақтөбеде, 1936 жылы Қарағандыда, Таразда, 1938 жылы Атырауда, Павлодарда қазақ театрларының құрылу процесі басталды.
Алматы қаласында 1934 жылы Ұйғыр музыкалық драма театрының, Қызылорда қаласында 1937 жылы Корей музыкалық драма театрының ашылуы республикамыздың атаулы оқиғаларына жатады . Корей театры 1968 жылы Алматыға көшірілді.
1933 жылы Семей қаласында Орыс драма театры қалыптасты, ол екі жылдан кейін сол кездегі ел астанасы Алматыға қоныс аударып, 1975 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.
1935 жылы Алматыда Мемлекеттік куыршақ театры ашылды. 80-ші жылдары осындай театрлар республиканың басқа да қалаларында көптеп ашыла бастады: Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981), Шымкентте (1983) және Петропавлда.
1944 жылы Алматы қаласында балалар және жасөспірім театры ашылды. Соның негізінде 1945 жылы орыс труппасы, ал 1946 жылы қазақ труппасы қалыптасты.
1985 жылы бұл театр өз алдына Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ балалар мен жасөспірімдер театры және Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры болып екі ұжымға бөлінді.
50-шы жылдары театр өнерінде кейіпкерлердің психологиясын терең ашуға беталыс анық байқалды Бұған осы беталысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бір топ дарынды актерлердің келуі себеп болды: Алматы театр училищесінің түлектері А. Ружева, М. Салықов, З. Шәріпова, Ташкент театр-көркем институтының түлектері Н. Жантөрин, Ғ. Сүлейменов, Ж. Шүленбаев, ГИТИС қазақ студиясының түлектері М. Байзақова, Т. Жайлыбеков,М. Қамбаров, Р. Қаныбаева, Қ. Қуандықов, Б. Маусымбаев, Ы. Ноғайбаев. Бұл буынға режиссерлер М. Қосыбаев, Ә. Мәмбетов, Мен Дон Ук, Б.Омаров және басқа да атақты театр оқу орындарында жоғары білім алған театр қайраткерлері қосылды.
60-шы-90-шы жылдар қазақ театр тарихындағы шығармашылық ізденістердің жарық кезеңі болып саналады. М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакльдер театрдың алтын қорына енді. Олардың ішінде Катерина ролінде Х. Бөкеева ойнаған А. Островскийдің «Грозасы», Гарпагон ролінде Қ. Қармысов ойнаған Ж. Б. Мольердің «Сараңы», Катарина мен Петруччио рөлдерінде Х. Бөкеева мен Ш. Айманов ойнаған В. Шекспирдің «Асауға тұсауы», Тоғанай рөлінде С. Майқанова ойнаған Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Анасы», Мольердің ролінде Н. Жантөрин ойнаған М. Булгаковтың «Кабала святошы» басты рольдерде А. Әшімов, Ф. Шәріпова және Ы. Ноғайбаев ойнаған Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тері» (1973 ж., реж. Ә. Мәмбетов) ерекше орын алады.
Қазақстандағы театрлар санының өсуі театр өнерінің даму кезеңі бойында тоқтаған емес. 1979 жылы Теміртау қаласында Неміс драма театры құрылды және 1989 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Алматы қаласына көшірілді. Труппаның негізін М. Щепкин атындағы Мәскеу театр училищесінің түлектері құрды. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам қаласында Өзбек театры ашылды. Қазақстанда бүгінгі күні барлығы 47 мемлекеттік театр жұмыс жасайды.
Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінен Астана қаласында 1 опера және балет театры, 8 драма және музыкалық драма театры және 2 қуыршақ театры ашылды.
2006 жылдың қыркүйек айында тәуелсіздік алған жылдар кезінде алғаш рет Алматы қаласында Орталық Азия елдері театрларының халықаралық театрлар фестивалі өткізілді. Оған В. Маяковский атындағы Тәжік мемлекеттік орыс драма театры, «Йуг» Әзірбайжан мемлекеттік театры, С. Ибрагимов атындағы Ош қырғыз драма театры, Г. Камал атындағы Татар мемлекеттік академиялық театры, Өзбек Ұлттық академиялық драма театры, Ұлы Сапармұрат Түркіменбашы атындағы Түркменстанның бас драма театры, сондай-ақ, Қазақстанның республикалық 3 театры қатысты.
Жаңа шығармашылық ізденістерге ынталандыратын дәстүрлі республикалық театрлар фестивалі жыл сайын өткізілуде. Оған Қазақстанның 13 театрының өнер ұжымдары тұрақты түрде қатысып тұрады. Соңғы театр фестивальдері астананың мәдени орталық ретіндегі беделін көтеруге бағытталып, Астана қаласында өткізілді.
.
Кітапханалар

Қазақстан Республикасы кітап мұражайы – Алматы қаласында орналасқан.
Басты мақсаттары:
• тарихи және мәдени заттар мен ескерткіштерді, белгіленген ғылыми жүйе және жіктеу бойынша экспонатталған Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қолжазбалары мен жарияланған кітаптарын жинау, жинақтау, сақтау, зерделеу және насихаттау;
• іздеу, ғылыми-зерттеу, экспозициялық, ағартушылық және баспа жұмысы;
2006 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша мұражайда 51,3 мың кітап тіркелген. Олардың 5213 мыңнан астамы сирек кездесетін, ескі кітаптар мен қолжазбалар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы 2004 жылғы 10 маусымда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Мәскеу мэрі Ю. М. Лужковтың қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2005 жылғы 10 қыркүйекте АҚРҰАК оқырмандарына өз есігін ашты.
Қазақстан Үкімтенің жаңа жобасы кітапхана процесстерін автоматтандырудың кешенді жүйесімен қатар, кітапхана ісіндегі жаңа технологияларды дамыту және ақпараттардың ұлттық электронды сақтау қоймасын құру үшін жаңа компьютерлік жабдықтармен жасақталған зияткерлік орталық құруға бағытталған. Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында электронды ресурстарды 50 терабайттан петабайтқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін электронды сақтау қоймасы мен серверлер кешеніне арналған база құрылды. Кітапхана кітапханалық-библиографиялық процесстерді автоматтандыру деңгейі жөнінен республикамызда көшбасшылық орында. АҚРҰАК базасындағы «РАБИС» ақпараттық-библиографиялық жүйесінің автоматтандырылған негізгі үлгісі Қазақстанда алғаш рет ресми мақұлданды әрі жаңартылды. Бұл жүйе оқырмандарға қызмет көрсету процесіндегі бірегей логикалық тізбек бойынша жұмыс жасайды — оқырмандарды тіркеуден бастап, оларды әдебиеттер іздестіру мен тапсырыс беру, кітап беріліміне дейін бақылау.
Бүгінде кітапхана қызметін 15 мыңнан аса оқырман пайдалануда. Кітап қоры 380 000 жуық. Кітаптан бөлек, кітапханаға қазақ, орыс және басқа да шет тілдерінде 1500 аса атаумен отандық, шетелдік мерзімді басылымдар келіп түседі. Кітапхана өз пайдаланушыларына 15 толық мәтінді ғылыми мәліметтер базасын және әлемдік алпауыт ақпарат орталықтарының он-лайн каталогтарын ұсынады.
АҚРҰАК кітапханашылары компьютер технологияларын қолдануды жетік меңгерген, электрондар тасқынындағы ғылыми ақпараттардан да хабардар, қызмет барысында қашықтағы мәліметтер базасын, виртуальді анықтама қызметін, құжаттарды электронда жеткізу секілді осы замандық қызмет көрсету түрлерін жиі қолданады. Сондай-ақ, кәсіби ақпаратты қажет ететін тұрғындарға қызмет көрсету үшін меншіктік ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыруда.
АҚРҰАК еліміздің кітапханаларына арналған ақпараттандыру мен автоматтандыруды енгізу бойынша консалтингтік орталық құруды зор сеніммен қолға алуда әрі республикамыздың кітапханалық процесстеріне жаңа технологияларды енгізу саласындағы консалтингтік, болжалдау және талдау жұмыстарын жүзеге асыруда.
АҚРҰАК қызметі халықаралық дәрежеде аталып, ақпараттық қоғам қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан әлем кітапханалары туралы түсінік беруді мақсат еткен ИФЛА «Success stories of libraries Building the Information Society» арнайы жобасында әлемдегі үздік кітапханалар тарихы ондығына енді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы – 1910 жылы 31 желтоқсанда құрылды. Ағарту саласы жанашырлары Қоғамының қаражаттарына Верный қалалық думасы Л.Н. Толстой атындағы кітапхана-оқу залын ашу туралы шешім шығарды.
Кітапхана ҚазОАК Президиумының «Қазақ АССР мемлекеттік көпшілік кітапханасын бекіту туралы» (1931 ж.) Қаулысымен 1931 жылы Республикалық кітап қоймасы мәртебесін алды. Қазақ ССР Министрлер кабинетінің 1991 жылы 9 желтоқсандағы N775 Қаулысы бойынша Ұлттық кітапхана болып аталды.
ҚР ҰҚ ғимараты Қазақ Министрлер Кеңесінің 1982 жылы 26 қаңтардағы N38 Қаулысының және ҚР «Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдалану туралы» Заңының 11 және 19 баптарының негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.
Кітапхана қорында әлем халықтарының әр тілдерінде 5 831 812 сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман қатынайды. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырмандарға 15 оқу залы қызмет көрсетеді (жалпы және 14 мамандандырылған). Олар 1500 адамға бір мезгілде қатар қызмет көрсетуге есептелген.
Оқу залдарында негізгі кітап сақтау және қосалқы қорлардан әдебиет беріледі, соның ішінде сирек кітаптар мен қолжазбалар, карталар, ноталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдар топтамалары да бар.
.
Музыкалық өнер

Ауылдарды аралап жүретін әнші-өлеңші (әншілер), күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХІХ, ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.
ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз жібек», А.Жұбановтың, Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар.
Қазақтың халық әндерін мәтіндік жалпылығына және музыканы айту мәнеріне қарай эпикалық, еңбек, отбасы-тұрмыстық, балалар, лирикалық, тарихи, әлеуметтік наразылық тағы сол сияқты әндер деп бөлуге болады. 60-70-жылдары республикада еуропалық инструменталды музыканың ең күрделі жанрларының бірі – Г. Жұбанова, К.Қожамяровалардың классикалық туындыларына жақын симфоникалық күй туды. Ұлттық аудиторияның ерекше ықыласына бөленген қазақтың монодикалық музыкасының оркестрі мен хоры болды. Ерекше кең таралған музыка ежелгі музыкалық аспаптармен орындалатын оқымысты-фольклористің қолдауымен құрылған «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрін атап өту керек. Бұл ұжымның айрықша, қайталанбас бейнесін дирижер, композитор, жетекшісі және домбырашы Н.Тлендиев жасаған еді.
Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық музыканың формалары (рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан халқының ауызша кәсіби дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі көркем салаларды орындаушылық ұжымдар жұмыс жасауда – мемлекеттік симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің ансамблі, Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі және джаз оркестрлері.
Қазақстан Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Г.Есімова, Ә.Дінішев, Г.Қыдырбекова, А.Мұсаходжаева, Ж.Әубәкірова және әлемдік музка мәдениеті жұлдыздарының бесігі саналатын М.Бисенғалиева, Э.Құрманғалиева, апалы-сіңлілі Нақыпбековтер, И.Мұратбекова, Қ.Жолдыбаева, Т.Ержанова сияқты халықаралық деңгейдегі орындаушылар отаны. Бүгінгі күні республикада республикалық музыкалық ұжымдары белсенді жұмыс атқаруда: екі опера және балет театры, мемлекеттік филормония, ұлт аспаптар академилық оркестрі, бидің академилық театры, би және аспаптар ансамблдері және басқалар. Зайырлы Қазақстанның рухани-мәдени өмірінің ең белді шағы республикалық және халықаралық Конкурстар мен Фестивальдар . Қазақтың кәсіби балет өнері ХХ ғасырдың 30-жылдарында Абай атындағы Қазақ академиялық театр, опера және балет театрында болған «Айман-Шолпан», «Шұға», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қамбар-Назым» және т.б. қойылымдардан бастап дами басталды.
Мемлекеттік академиялық би театрының репертуарында (1967 ж негізі қаланған, көркемдік жетекшісі халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік премиясының лауреаты, профессор Б.Аюханов) классикалық балет миниатюралар, «Шопениана», «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Шыңғыс хан», «Қыз Жібек» сияқты басқа да ұлттық, әлемдік хореографиялық бірактілі балеттері болды. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының «Гүлдер» мемлекеттік би ансамблінің негізін қазіргі эстрадалық хореографиялық билері құрайды.
.
Сәулет өнері

Қазақстан аумағында сәулет өнері жоғары палеолит кезеңінде пайда болды. Ол кздегі алғашқы тұрғын үй құрылыстарының іздері сақталып қалған (олар Орталық Қазақстан облысы аумағында табылды). Қола заманындағы темірден жасалған қаруларды пайдалану кең-байтақ дала байлықтарын игеруге жағдай жасады. Қола дәуіріндегі ғимараттар тік бұрышты формада жасалып, олар тұрғын және шаруашылық бөлімдерінен тұрды.
Кейінірек дөңгелек формадағы үйлер мен киіз үйлер пайда болды. Сондай-ақ, қабірдің де формалары өзгеріп отырды. Қабір басына 30 метрге жететін күмбездердің салынуы жиі кездеседі. Кейінірек олар тік бұрышты тақталармен қоршалды.
Орталық Қазақстан ескерткіштері тобына Жезқазған қаласының маңындағы Аяққамыр, Алаша-хан (11-12 ғғ.) мұражайлары жатады.
Алаша хан күмбезі – Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір және Сарыкеңгір өзендері қосылар тұстағы биік жотаның үстінде орналасқан. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер түрлі болжамдар айтқанымен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді. Алаша хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Аумағы 9,73х11,9 метр. Биіктігі 10 метр. Төңірегі қалың қорым, неше түрлі бейіттер тұрғызылған. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Олардың көлемі 230х14х60 мм, 260х230 мм, 320х320х60 мм, тағы сол сияқты әр түрлі болып келеді. Күмбезге кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік айналма екінші қабатқа, одан портал аркасының желке тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Жарық кесенеге қабырғада орнатылған терезелер арқылы түседі. Алаша хан күмбезінің шынайы қалпын онымен тұстас сәулеттік үлгілерінің ортақ жәдігерліктермен салыстыру арқылы елестетуге болады. Осы орайда ол, негізінен, Қарахан әулеті дәуірі сәулет үлгілерінің Салжұқ өнері аталатын түрлерімен байланыстырылады. Бұл үлгідегі ескерткіштер көбіне Түркіменстанда кездеседі. Алаша хан күмбезін Қазақстан жеріндегі Айша Бибі, Жошыхан, Қожа Ахмет Яссауи мазарлары үлгілерімен де салыстыруға болады.
Түркістанның таңғажайып көрікті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) енгізілген. Отырар жазықтығында орналасқан бұл кесененің маңында 150 астам кішігірім қалашықтар, қорғандар, қамалдар мен қорғалған мекендер, керуен-сарайлар болған, кейбіреулері б.з.д 2 ғасырға жатады.
Кесене Әмір Темірдің бұйрығымен 1399 жылы 233 жыл тұрған ескі құрылыстың орнына салынып, мұсылмандардың қасиетті орындарының біріне айналды.
Оңтүстік Қазақстандағы 802 ескерткіштер ішінде : 528 археология ескерткіштері; 42 тарихи ескерткіштер; 226 сәулет ескерткіштері болып есептеледі. Ең қызық археологиялық ескерткіштер IX -XII ғасырлардағы қараханидтер кезеңіне жатады. Бұл кезең Ұлы Жібек Жолы өркендеп келе жатқан кездегі әйгілі Отырар қаласы, яғни археологиялық қазбалар арқасында, тарихи-мәдени қорық болып, Отырар жазирасына ұласып, атақты туристік нысанға айналды.
Сонымен қатар бұл жерде моңғолдар шапқыншылығынан зардап шеккен тамаша тарихи мұражай нысандар да бар. XII-XX ғасырға жататын ескерткіш Арыстан Баб атақты киелі көріпкелге арнаған.
Көптеген тарихи кезендерді бастан кешкен бұл кесененің биіктігі 40 метр. Қазақ хандар резиденциясы сақталған орталық залында арнайы мұражай – пантеон ашылды. Мұражай маржаны болып мұсылман елдері ішіндегі ең үлкен ыдыс –Тай Қазан бар. Ол 7 металл қоспасынан жасалған.
ЮНЕСКО сарапшыларының бағалауынша өн бойы өрнекпен өріліп, айшықпен көмкерілген және 60-тан астам түрлі оюлармен безендірілген терракот кірпіштер сыртқы жапсырма емес, қабырғалық материал болып өрілген әлемдегі жалғыз мұра Айша бибі кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. 12 ғасырда салынған. Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылында орналасқан. Кесене құрылысын 1897 жылы В.Каллаур, 1938-1939 жылдары А.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан Ғылым академиясының экспедициясы зерттеген. Айша Бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х 7,6 метр, бұрыштары бағана тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3 х 1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір арқалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгерісі өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 биіктікте бағаналарға араб әріпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…» деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Айша бибі кесенесі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген.
-Кеңес үкіметінің орнауы Қазақстандағы сәулет өнеріне күрделі өзгерістер енгізді. 19 ғасырдың 20 жылдарынан бастап революцияға дейін пайда болған қалаларды көріктендіру шаралары жүргізілді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында Усть-Каменогорск (Л.Маковеев, 1965), Қарағанды (А.Хохлов, 1966), Теміртау (1966), Экібастұз (Ф.Гулнев) қалаларын жобалау шаралары іске асырылды. Осы кездегі құрылысқа тән сипат – бірсарынды жоғары қабатты бұқаралық тұрғын үйлердің салынуы.
Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанның сәулет құрылысы өзгерістерге ұшырап, жаңа элементтердің елеулі алғышарттары жасалды.
Тек Астана қаласында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа қалаларында да көз тартар тұрғын үйлер, офистер, банктер, мәдени ескерткіштер, спорт комплекстері мен басқа да ерекше ғимараттар салынды.
Бүгінгі күні Астана еліміздің ең ірі құрылыс алаңдарының бірі. Құрылыстың жоғары жылдамдығын Астанада ашылған жоғары дәрежелі «Интерконтиненталь», «Сұлтан Бейбарыс», «Аққу», «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақ үйлерінен байқауға болады.
Сондай-ақ, Ұлттық мұражай, Музыкалық академиясы, Халықаралық әуежай, кино театрлары «Сары-арқа», «Синема сити», «Бәйтерек» сияқты демалыс және қоғамдық кешендері салынған. Министрліктер үйі, “Қаз Мұнай Газ” Ұлттық компаниясы және т.б. Әкімшілік ғимараттары да үлкен әсер қалдырады.
.
Әдебиет

Қазақ халқының әлемді тануда, өз өзін сезінуде, рухани және эстетикалық ұстанымында, халықтың кім екендігін танып білуінде халық ауыз әдебиетінің алар орны орасан.
Дала тұрғыны әрқашанда әдеби сөз өнерін, ән айтуды, тыңдай білу қасиетін, керемет шешендік сөз сөйлеу өнерін, сөйлеу шеберлігін жоғары бағалаған. Қазақтың билері арасында өткен жиылысқа қатысқан поляктің ғалымы Адольф Янушкевич былай жазған «Біраз күн бұрын мен жауласушы екі партияның арасындағы қақтығысқа куә болып, сөйлеушілердің шешендігіне шын жүректен қол соққан едім. Бұлар ешқашан Демосфен, Цицеронды естімеген халық. Ал бүгін мені оқи және жаза алмайтын, бірақ талантттарымен таң қалдырған ақындар өнері сүйсіндірді. Жаратушының бұндай қасиеттерді бойына дарытқан халықтың мәдениетке жат болмауы тиіс, әйтеуір біруақыттарда оның рухы қазақ даласына еніп ұшқыннан жалын лаулатады және уақыт өте бүгінгі көшпенді халық Индостанның байғұс парилеріне қараған жоғары кастасы секілді биіктекн қарап тұрған халықтар арасынан өзінің құрметті орнын алады».
Қазақтың ауыз ақындық өнерінің тамыры өте ертеге кетеді. Ол қырықтан аса жанрды қамтыған, олар аңыз ертегілер, мақал мәтелдер, әдет ғұрыпқа байланысты ән жырлар, батырлар және лиро эпостық жырлар. Алғашқы қазақтың ауыз ақындық әдет ғұрпын, фольклордық жанрларын барлық түркі тілдес халыққа ортақ ерте түріктік жазбалардан көруге болады.
VІ – VІІ ғасырларда Орталық Азияның түркі тілдес тайпалары Түрік қағанатының құрамында болды, бұлармен бірге Батыстүркілік, Төменгі Поволжья, Придонья және Солтүстік Кавказ тайпалары Хазар мемлекетін құрып өз жазбасын қолданған.
Жазба көздері ағаш тақтайшалар туралы хабардар етеді, бұл тақтайшаларда қажетті адамдар, жылқы, салым, мал саны туралы белгілер көрсетілген . Түрік Елшісі согдиялық Маннах Константинопольдегі Ю стин сарайына келгенде скиф жазбасымен жазылған жолдау әкелген.
Алғашқы түрік қағанының бірі (572-581) Таспараның қорғанында сақталған Бурғұт ескерткішіндегі жазбада қағанаттың алғашқы отыз жылындағы жаңалықтар әңгімеленеді, әрі бұл согди жазбасының қағанатта көпшілікке түсінікті болғанын, сол кездерде жоғары Түрік қоғамында көптеген білімдар адамдардың болғандығының куәсі.
Сол жылдары, яғни Бурғұт ескерткіші көтерілген кезде алғаш рет түрік тілінде будда шығармасы (Нирвана Сутра) аударылған, бұл түріктер арасында буддизмді насихат тау мақсаты болған. Бұл шығарма согди алфавитінде жазылған. Ғалымдардың жорамалдауынша олар согди тілін тек жазбаға ғана қолданып қоймай, сонымен бірге өз тілін бекітуге де қолданған. Кейінірек бұл алфавит «ұйғыр» алфавиті деп аталды. Ұйғырлар бұл алфавитті ІХ ХV ғасырларға дейін қолданып келген. УІІ ғасырдың екінші жартысында түркі ортасында согди жазбасына сүйене отырып, бірнеше жаңа белгілер қосыла жаңа жазба пайда болды.
Ежелгі түрік жазбалары алғаш рет ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Енисей даласында бірінші Петрдың қызметіндегі неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен онымен еріп жүрген шведтік қамаудағы офицер И. Страленберг арқылы табылды.
Олар жазбаны скандинавтық руни мәтіндерінің ұқсастығына байланысты рунилік деп атады.
1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядренцев Солтүстік Монғолиядан, Орхон өзенінің жазығынан руни жазбаларымен үлкен тас тапқан. Бұл жазбаны шешіп оқыған дат ғалымы В. Томсен осы алфавиттің кілтін де таба білді, ал бұл жазбаларды қосып оқуды орыстың түрік тілін зерттеуші ғалымы В. В. Радлов ашты. Бұл жазбаларды шыққан жерлеріне сәйкес орхон енисейлік деп атады.
Руни жазба ескерткіштері Солтүстік Монғолия, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде табылған. Түрік қағанатындағы түркі тілдес халықтардың Монғолия мен Енисейден табылған руни мәтіндері тек тарихи деректер ғана емес, сонымен бірге бай әдеби мұра болып табылады.
Көптеген белгілі руни жазбалары Білге қағанның, оның бауыры Күлтегіннің ( 732-735) және алғашқы қағандардың кеңесшісі болған Тонықақтың (716 ) құрметіне жазылған.
Қараханид дәуірінде кең байтақ Орта Азия мен бүгінгі Қазақстанның өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың әдеби тілінің қалыптасу процесі өз шегіне жетті.
Қазақстанға мұсылмандықпен бірге араб жазбасы қоса енді. Осы дәуірде ежелгі түркі тілінің бір диалекті саналатын қыпшақ тілінде білім алған әйгілі ғалым энциклопедияшы Әбу Нәсір әл Фараби өмір сүрді. Әл Фараби керемет пәлсапалық (философиялық) рубаилар, емле трактатын, көркем жазу, өлең құрау, риторика туралы еңбектер жазды. Оның әйгілі «Музыкалық(әуендік) трактаты» көптеген әлем тілдеріне аударылған. Фарабидің математикалық еңбектерінен сәулет жобаларын құруға қажетті арифметикалық және геометриялық есептер табылған. Бұл Орта және Таяу Шығыстағы сәулет өнерінің негізі іспетті.
ӘЛ фараби шыққан түркі қыпшақ ортасынан көптеген керемет ақын жазушылар ғалым тарихшылар тараған.
Махмұт Қашғаридің «Диван лугат ат түрігі» ХІ ғасырдағы халықтардың мәдениеті жетістіктерінің айғағы. Бұл диванның мазмұны сол уақыттағы филология ғылымының дәрежесі туралы пікір айтуға көмектеседі, сонымен бірге ол көне орта ғасырлық түркі өмірінің энциклопедиясы, түркі тілдестердің өмірінен хабар берер қайнар көз сияқты. Олардың тұрғылықты жерлерінің жағрапиясын, тарихын зерттеуге қажет маңызды құжат.
Білімдар түркі ақын жазушыларының бірі Юсуф Баласасұнның «Кутадгу Білігі» ХІ ғасырдың ғажайып туындыларының қатарына жатады. Бұл туынды тек этикалық және моралистік трактат емес, сонымен бірге терең философиялық дидактикалық шығарма. Шығарма 1069 жылы көнетүрік әдеби тілінде жазылып Қараханид әулетінің атынан Боғраханға тарту етілген. Түркі тілдес халықтар тарихында Ахмет Юнгнаки еңбектерінің алар орны өзгеше. Ол түркі әдебиетінде Ю. Баласағұнның «Кутадгу білігінен»басталған дидактикалық ағымның жалғастырушысы.
Орта ғасырлық дәуірдегі оғыз қыпшақ әдебиетінің ең үздігінің бірі деп «Қорқыт ата кітабін» атауға болады. Кітапта оғыздар м ен қыпшақтардың туған жерлерін қорғаудағы ерен ерліктерін баяндалады.
Ақын, сопы, мұсылмандық оқу «Хикметті» насихаттаушы Қожа Ахмет Яссауидің де диваны сақталған, бұның басқа түркі авторларынан ерекшелігі еңбегінің көнетүркі тілінің қыпшақ оғыз диалектінде жазылуы. Ахмет Яссауи Мұхаммедтен кейінгі әулие , ал оның Түркістан қаласындағы мешіт мавзолейі кіші Мекке болып саналады.
Орта ғасырдағы жалпы түркілік әдеби ескерткіштердің бағалыларының бірі «Оғызнаме»Оның мазмұны оғыздар билік құрған кездегі аңызға сүйене жазылған.
«Оғызнамені ң»ертедегі нұсқасының бірі Рашид Аддинде (УІІ І ғ. ), кейініректегі және толық қолжазба нұсқасы тарихшы Әбілғазыда (ХУІІ ғ. ) сақталған. Қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов ( ХІХ ғ. ) және П. Пеллью мен В. Бартольд «Оғызнаменің» соңғы нұсқасын қазақтарға жатқызады.
Қазақ әдебиетінің тарихына Қадырғали Жалаиридің «Жамағат Тауарихы», Мухаммад Хайдар Дулатидің «Тарих и Рашиди» шежірелерінің жинақтары үлкен мән мағына береді.
Қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына және пайда болуына ең үлкен үлес қосқан халық ауыз әдебиеті шығармашылығы. Ол жазба әдебиетінің пайда болуына тек септігін ғана тигізіп қоймай, сонымен бірге өзінің сарқылмас бай нәрімен сусындатып келеді.
ХV – ХVІІІ ғасырларда қазақ әдебиетінің поэзиясы ерекше өркендеп, шарықтау шегіне жетті. Оның негізгі тақырыбы- қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының сол кездегі басынан өткен тарихи оқиғалары. Оның басты орындаушылары жыраулар, ақын — айтыскерлер, жыршылар болды. Өз шығармаларына олар орта ғасырдағы көшпенді жауынгерді, оның өмірге көзқарасын, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арқау етті. Олар халықтар мен тайпалардың шыққан тегін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін, жөн- жоралғысын жақсы білетін болған. Жыраулар қырғын соғыстарға, көптеген жорықтарға қатысып, өз араларынан да қолбасшы, батырлар шығарған. Олар көбінесе тек әдебиетпен ғана шұғылданып қоймай, сондай- ақ хан, сүлтандардың ақылшы- кеңесшілері болып, қоғамның саяси өміріне белсене араласқан. Олардың көбі қазақ халқының саясатына өз мұраларын тастап кеткен.
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі.
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) қазақ халқының жалынды ақыны, ержүрек , қаһарман жауынгері. Ол қылышының , сөз өнерінің күшімен өз елінің рухын көтеріп, оның бостандығы үшін күрескен. Жауынгер ақын өршіл мінезімен ханның және патша билігінің қысымына шыдамай Бөекй ордасында болған көтерілісті бастаған. Жалдаушы жандайшап қолынан мерт болған ақын өлеңдерінен бостандық аңсаған азамат дауысын естиміз. Махамбет поэзиясы қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған.
Сөз өнерін қабылдауда қазақ тілінің өзіндік жазба дәстүрі бар, бірақ жалпыұлттық әдеби тіл деңгейіне ХІХ ғасырда ұлы Абай (Ибрагим) Құнанбаев (1845 – 1904 жж. ) арқылы көтерілді. )Ұлы ойшыл, керемет сөз шебері, композитор, ағартушы Абайды өз заманының кемеңгері , қазақтың көрнекті тұлғасы деп айтуға болады.
Он үш жасында араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін меңгеруі Абайға Шығыстың классикалық туындыларымен танысуына көп септігін тигізді. Оның Еуропа мен Ресейдің философиялық ойлары мен әдебиетіне деген қызығушылығы , Абайдың қайталанбас сөз шебері болуына көмектесті. Абай қазақ тіліне Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты, Гетені, Шиллерді , Байронды аударды.
Абай тек поэзияда ғана емес, сондай ақ музыкада да өшпес із қалдырды. Абайдың «Қара сөздері» ақынның діни философиялық трактаты емес, бұл халық даналығының тереңдігін, адамзат сүйіспеншілігін уағыздайтын проза. Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлттық мақтанышы. 1995 жылы ЮНЕСКО қазақтың ұлы ақынының 150 жылдық мерей тойын атап өтті.
ХХ ғасырдың басы Қазақстан ғылымына, әдебиеті мен мәдениетіне орны толмас өиян ала келді. Қазақтың бір озық ойлы, зиялылары, еліміздің ертеңі мен болашағына сенім артқан абзал азаматтары «социалистік қоғамның жаулары», »ұлтшыл» деген жалған айыппен сталиндік режим қысымының құрбаны болды. Олар С. Сейфуллин, Б. Майлин, А. Байтүрсынов, І. Жансүгіров, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев және т. б. жүзге жуық әдебиет, өнер, ғылым саңлақтары еді.
М. О. Әуезов ( 1897-1961 ) кеңес кезеңіндегі белгілі жазушы, оқымысты- ғалым, драматург, ол реалистік прозаның жоғары профессионалдық дәрежеге жетуіне үлкен үлес қосқан. Оның қаламынан көптеген әңгіме, повестер, пьесалар шыққан.
«Абай жолы» роман-эпопеясы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
«Біз кімбіз, қайдан шықтық, қайда барамыз?», – деген мәңгілік сұрақ ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында келген қазақ әдебиетінің жаңа буын толқыны алдында күні бүгінге дейін тұр. Асқар Сүлейменов, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Едіге Түрсыновтар сияқты есімдердің ізбасарлары бола тұра, олар рухани интелектуалдық дәстүрдің басқа ұстанымдарына назар аудартады. Бұл буын ұлттық мәдениет қойнауынан шыққанменен өздерін шығыс және батыс көркемдік дәстүрінде еркін сезінеді. Бұл т олқынға Ә. Қодар, М. Ақдәулетов, Ұ. Есдәулетов, А. Әлімов, Т. Әбдікәкімов сынды ақындар, Ж. Шаштайұлы, С. Асылбеков, А. Асқаров, М. Құлкенов, Д. Әшімбаев, К. Жиенбаев сияқты прозашылар, әдебиеттанушы, сыншылар А. Ысмақова, Т. Шапаев, Қ. Жаңабаев, Ш. Нұрпейісов, Е. Аманша және т. б. кіреді. Болашақта бұл есімдермен әлемдік әдебиет пен мәдениет арасындағы диалогтың жаңа қырларын танырмыз деген ойдамыз.
Ақын, жазушы, аудармашы, өнертанушы Әуезхан Қодардың шығармашылық және қоғамдық жұмысын, азаматтық көзқарасын, әдеби журнал «Тамырға» жасаған ерен еңбегін атап өту парыз. Бұл басылымның көздегені жаңа интеллектуалды және көркем ұсыныстар мен аналитикалық сындарға сүйеніш болу.
Қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен арасындағы эстетикалық байланысы, сол халық әдебиетінің көркемдік өміріне көз жіберуі, өзге әдебиеттің озық тәжірибесін дұрыс түсінуі ғасырлар бойы қазақ поэзиясына шығыстың классикасымен нәр беріп келеді.
Қазіргі уақытта әдеби шығармашылықпен айналысып жүрген В. Дергачев, Д. Хегай, М. Отынышев, А. Төлебаев, С. Буяновтарды да атап өтуге болады.
Әдеби ортада өздерінің ақындық Superjigita тәжірибесімен Е. Жұмағұлов, Е. Асқарбеков, Л. Калаус танымал болып жүр.
.
Бейнелеу өнері

Қазақ бейнелеу өнерінің құрылуы мен даму барысы белгілі қыл қалам шебері Әбілхан Қастеевтің (1904- 1973 жж.) есімімен тығыз байланысты. Оның еңбек жолы жиырмасыншы жылдардың соңынан басталады. Қастеевтің қолынан шыққан көптеген сулы бояулы және суреттер «Көне және жаңа тұрмыс» топтамасына біріктірілді. Соғыс алдындағы жылдары Қазақстанда А. Ысмаилов, ағайынды Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, Ұ. Таңсықбаев және т. б. қыл қалам шеберлері болды. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда Украинаның, Белоруссияның, Мәскеу мен Ленинградтың суретшілері жұмыс істеп, Қазақстандағы бейнелеу өнерінің құлаш жазуына өзіндік үлестерін қосты. Орыс суретшілері қазақ халқының тұрмысы мен тыныс тіршілін бейнелеуге өзгеше бағыт беріп, үлкен әсерін тигізді. Қазақстанда түрлі экспедициялар құрамында болған Б. Смирнов, О. Федченко, П. Кошаровтар өз туындыларында халық өмірін суреттеуге тырысты. Әсіресе орыс суретшісі В. Верещагинді Орта мен Қазақстан тақырыбы өте қызықтырды. Өзінің «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты еңбегінде қазақ даласы керемет шеберлікпен суреттелген.
Белгілі қыл қалам шебері Н. Хлудовта өзінің барлық туындыларын Қазақстан тақырыбына арнаған. Оның «Мал айдау», «Отынға барғанда» қазақ өлкесінің әсемдігін бейнелеген туындыларында үлкен сүйіспеншілік жатыр.
Қазіргі уақытта бұл қнерді бағалаушылар қазақстандық шеберлер А. Бренердің, Б. Шульцтың, А. Жұмаеваның, К. Ибрагимовтың. Ш. Ноғайбаевтың, Е. Нүсіповтың еңбектерін ерекше атап жүр.
.
Қолөнер

Қазақ қолөенрінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар ХІХ ғасырда Петропавлдың, Көкшетаудың, Төменгі Новгородтың және т. б. қалалардың көрмелерінің көркі болғаны анық. Бұйымдардың дайындалу тәсілі мен жасалу жолдары атадан балаға мирас болып қалып отырған. Керемет сырмақ, текемет, төсеніш, алаша, тұскиіз, қабырғаға ілінер кілемдер және т. б. киізден жасалған бұйымдар көздің жауын алар қазақша ою- өрнектермен әсемделіп, жануарлар бейнелері, өсімдіктер суреттері, әртүрлі геометриялық сызулармен өрнектелген. Сонымен бірге ертоқымды күміспен, сүйекпен әсемдейтін, қамшы өретін, асыл бұйымдар жасайтын шеберлер де болған. Біртендеп тұрғылықты өмір салтына көше бастағандық олардың өнерлеріне басқаша бағыт бере бастады.
Ағаш шеберлерінің өнері де өте жоғары бағаланды. Олардың қолынан шыққан бұйымдар сол замандағы омір салтына, тұрмыс- тіршіліне байланысты болды. Сүйектен ойылып өрнектелген, асыл тастармен апталған заттар халық шеберлерінің мәртебесін көтерді.
.
Қазақстан халқының Ассамблеясы

Қазақтардың мәдени – этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы.
Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық және аумақтық ұлттық-мәдени орталықтары құрылған. Әзербайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтары жанында жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызда “Қазақстан халқының Ассамблеясы” (ҚХА) құрылды.
ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақтастықты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстар жасау, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея мәдени-ағартушылық , атап айтқанда, тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мен насихаттау; тәрбиелік, яғни қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.
Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды ынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктері, Ассамблея Кеңесінің мүшелері тең арақатынас қағидасы бойұсынады. ҚХА-ның төрағасы- ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар ардагерлер кеңесі өкілдерінен, Кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православтар, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәры 670 болатын.
Діни бірлестіктердің иеліктерінде 3129 табыну құрылымы, олардың ішінде 2229 мұсылман мешіттері, 258 православие және 93 католик шіркеулері, 6 синагога және 500-ден астам протестант шіркеуі мен намаз оқу үйлері бар.
Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003, 2006, 2009 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің куәсі болды.
Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастар діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңдігіне, серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген.