Neue Industrialisierung

Қазақстанның инновациялық индустрияландыруы – бұл дамудың жалғыз ғана дұрыс жолы – Ұлттық инновациялық қордың басшысы

«Қазақстан-2030» Стратегиясы шеңберіндегі үдетілген индустриалды-инновациялық даму бойынша ҚР Президенті қойған міндеттемелерін іске асырудағы Ұлттық инновациялық қордың (ҰИҚ) рөлi туралы ҰИҚ басшысы Әуелбек Тоқжановәңгімелейді.

– Осыдан біршама ертерек елдiң үдетілген индустриалды-инновациялық дамуының бес жылдық жоспарының жобасы 2009 жылғы 1 тамызға дейін дайын болуы керектігі туралы шешiм қабылданған еді. Бұл жоспардың iске асыруында ҰИҚ қандай рөл ойнайды?

– Бiздің елдiң инновациялық индустрияландыруы – дамудың жалғыз ғана дұрыс жолы. Елімізде инновациялық жүйенi дамытуға арналған барлық алғышарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсiпкерлiк. Бұл технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың құруын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді.

Бiздiң қор осы уақытта венчурлық инфрақұрылымды дамытатынын ескерткiм келедi: ҰИҚ мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік қағидалары негізінде отандық инвесторлармен бiрге құрылған Қазақстанның алты венчурлық қорында әрiптес болып табылады. Қазақстандық венчурлық қорлардағы ҰИҚ-тың еншiсі – 49 пайызға дейiн жетеді. Олардың инвестициялық саясаты келешекте экспорттық әлеуетке иеленетін перспективті салаларда жобалар iздестiру және оларды тартуға бағытталған.

Ұлттық инновациялық қор жобаларды дамытудың әртүрлi кезеңдерiнде қаржыландырады: идея мен үлгі жасауынан бастап өндiрiстiң кеңейтуiне дейiн. ҰИҚ-тың қаржыландыруының тетігі – жоба құнынан 49% дейiн үлестiк инвестиция салу. ҰИҚ-тың портфелiнде қазір тоғыз жоба бар. Одан басқа, қазақстандық ғалымдар мен кәсіпкерлерге 2004 жылдан бастап тәжiрибе-конструкторлық зерттемелерге (ТКЗ) 48 грант берiлді. Қордың одан арғы міндеті – өз еншісіндегі үлесін сату жолымен инновациялық жобалардан «шығу» және ТКЗ-ны коммерцияландыру. Мысалы, бiздiң тәжiрибе-конструкторлық зерттемелерiмiздiң бiрi – кәушiктi гидридтеу катализаторы. Бiз оның коммерцияландыруы бойынша үлкен жұмыс өткiземiз. Мұндай технология арнайы синтетикалық кәушiктiң өндiрiсiнде, негiзiнен екi елде ғана – Германия мен Жапонияда қолданылады. Бiздiң ғалымдарымыз бiрнеше рет арзан, бiрақ сапа бойынша жол бермейтiн аналог жасаған. Катализатор жоғары сапалы резина, шиналар және басқа да бұйымдар өндiрiсi үшiн қажеттi. Шығарылатын өнiм төмен және жоғары температураларда әрі өте агрессивтi ортада жұмыс iстеуге қабiлеттi екенін атап өту керек. Бізде зерттеменің коммерцияландыруының екі жолы бар: патентті мүдделі компанияларға сату немесе өзіміздің технологиялық патентiмiзді беру жолымен резина-техникалық бұйымдар өндiрiсі зауыты құрылысына (мысалы Ресейде) үлескер болып кіру.

ҰИҚ индустриалды-инновациялық дамудың алдағы бес жылда венчурлық және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша өз жұмысын жалғастырады. Ұлттық инновациялық жүйені әлемiнiң бiр елiнде де нарық өз еркімен қалыптастырмаған, оның себебі жекеменшік сектор тарапынан бастамашылықтың болмауы және тәуекел етуге бармауы деп атап өту керек. Сондықтан, жүйенiң белсендi қатысушысы (локомотиві) рөлiн атқару, мемлекетке тап болып қалады.

– Индустрияландыру жоспарына сәйкес, қуаттарын кеңейтуге әлеуеттілік, экспортқа бағытталыным, инновациялылық сияқты талаптарға жауап беретiн бәсекелестікке лайықты жобаларға қолдау көрсетіледі. Инновациялық экономиканы дамыту үшін ҰИҚ қандай жобалар ұсына алады?

– Егер ғылыми зерттемелер туралы айтылса, онда төрт жыл ішінде бiздiң қор қаржыландырған 48 ТКЗ-ға 502 миллион теңгеден астам сомаға гранттар бөліндi. Бiздің елде сондай-ақ шетелде қызығушылық танытатын фармацевтика, мұнай-химия, металлургия өнеркәсiбі салаларында жобаларымыз бар. «Санда АБК» ЖШС фосфоры бар қалдықтан натрий гипофосфитi мен фосфор қышқылын шығару технологиясын зерттеп табу бойынша жұмыс iстеп жатыр. Натрийдің гипофосфитi – хромдау және беттердi никельмен қаптауға қажеттi реагент. Бiздiң ғалымдарымыз осы реагенттi қалдықтардан алудың үнемдi және экологиялық таза әдiсiн ойлап таба алды. Никель жамылғысы барлық жерде қолданылады. Мысалы, әуеғарыш, автомобиль өнеркәсiптерде және өндiрiстiң басқа да салаларында. Осы жобаға қытайлық компания қызығушылық танытты, олар бізге оны, яғни осы әдісті, алдымен патенттеп, ал содан соң Қытайда өндiрiс ашуға ұсынып отыр.

Сонымен бірге жаңа катализатордың зерттемесі бар, оның көмегімен мұнай өнiмдерiнен автокөлiктерге арналған синтетикалық майлар шығаруға болады. Бұл өте ұтымды жоба, бiрақ бiзде әзірше дәл осындай өнiм өндiру үшін тиісті инфрақұрылым болмай тұр. Осындай катализатордың көмегiмен Қазақстан импорттық майларды қазіргідей сатып алмай, оларды керісінше өзі жасап шығара алатын еді. Бұл катализатор бiздiң елдің маргарин және май өндіруші азық-түлiк кәсiпорындарында да сынақтан өтіп жатыр. Егер тәжiрибе-өнеркәсiптiк сынақтар бiздiң өндiрушiлерiмiздiң талаптарын қанағаттандырса, кейiннен оны тағамдық өсiмдiк майын гидридтеуiнде қолдануға болады.

Біздің тағы бір бағытымыз – химия өнеркәсiбi, минералдық тыңайтқыштар мен құрылыс материалдар өндiрiсi салаларындағы инновациялық жобалардың МЖӘ қағидалары негізінде қаржыландыруына қатысуымыз. Мысалы біздің «Агрофос-Оңтүстік» жобалау компаниямыз, фосфоры бар зиянды қалдықтардан аммонийленген суперфосфат өндiрiп шығаруға мүмкiндiк беретін техникалық шешiмдi қолданысқа енгiзуде. Осылайша, Шымкент маңындағы экологиялық жағдайды жақсарта тұра, біз сонымен бірге ауыл шаруашылығы үшiн қажеттi минералды тыңайтқыштарды жасап шығара аламыз.

Құрылыс секторында бізде екi жоба бар: Павлодардағы ағаш өңдеу комбинаты базасында бiз жекеменшік инвестормен бiрге келесi элементтері бар толық циклды өндiрiстiк кешеннiң ұйымдастыруын ескеретін жобаны қаржыландырамыз: формальдегидтік шайыр шығаратын фабрикасы, МДФ және ДСП өндірісінің линиясы, МДФ бұйымдары өндiрiсiнің цехы. Комбинат осы уақытта тұтынушылардың әртүрлi санаттарына арналған қол жетімді баға бойынша бөлме аралық есiктердiң шығаруын және сатуын қалпына келтірді.

Алматы облысының Көксу кентінде 2007 жылғы мамыр айында керамзит кiрпiштер мен блоктар өндiрiсi бойынша зауыт iске қосылған. Керамзиттен жасалатын құрылыс материалдары жеңiлдiк, төмен жылу өткiзушілік және идеалды геометриялық пішін сияқты ұтымды қасиеттерге ие болатынын атап өткім келеді. Бұл iргетасқа жасалатын жүктеменi азайтуға, жылу еткiзушiлігін сақтап қабырғаның жуандығын азайтуға, сонымен бiрге қосымша жылу сақтайтын материалдарды қолданудан бас тартуға мүмкiндiк бередi, өйткенi керамзит – ол экологиялық таза жылытқыш.

Агроөнеркәсiптiк кешенде бiз өзіміздің «Әрекет» венчурлық қорымызбен және YTO қытай компаниясымен бірге, Қазақстанның оңтүстiгiнде кеңінен қажет етілетін тракторларды (оның ішінде шағынгабаритті) құрастыру өндiрiсiн iске қостық. Өткен жылы бiздiң әрiптесiмiз – «AB Metalls» ЖШС – Балқашта құйма шойын шығару бойынша тәжiрибе-өнеркәсiптiк металлургиялық кешенін ашты. Бұл қымбат бағалы коксты қолданбастан бiр сатылы шойын өндiрiс технологиясын қолдануға мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы өнеркәсiптiк қондырға.

ҰИҚ іске асыратын бүкіл іс-әрекет «Нұр Отан» партиясының 12-шi съезiнде Н.Ә.Назарбаев жария еткен бағдарламаға толығымен сәйкес келедi. Венчурлық және инновациялық инфрақұрылымдар салық төлеушiлер бiзден күтетін нәтиже беру керек.

Менiң көзқарасым бойынша, дағдарыс уақытында және одан ары, дағдарыстан кейінгі кезеңде, ҰИҚ және жекеменшік сектор көмегімен құрылған венчурлық қорлар инновациялық жобаларды қаржыландыруға арналған нақты тетік бола алады. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, тәуекелді қаржыландыру қорлар бүгiнгі таңда инновациялар мен жаңа технологиялар трансфертiн қаржыландыруда маңызды рөлдердің бірін атқарады. Инновациялық сипаты бар және венчурлық қорлар арқылы қаржыландырылатын барлық жобалар әртүрлі дәрежеде тәуекелдi деп есептеледі. Өткен жылдары бiз қаржыландырған 48 тәжiрибе-конструкторлық зерттеменің 19 бәсекелестікке лайықты және тиісті патенттермен расталған. Қазiр бiз оларды коммерцияландыру бойынша қажетті жұмыс жасап жатырмыз. Ережеге сәйкес бiз өз жұмысымызды алдымен дамудың бастапқы кезеңіндегі «Start Up» компаниялармен бірге коммерциялық емес жобаларды іске асырудан бастаймыз. Бiзге жақсы идеясы бар кәсiпкер келеді, бiз оны қолдаймыз және қаржыландыра бастаймыз. Ол жобаға өз активтерiмен кiредi, бiз содан соң осы бизнесті дамытамыз, ал енді ол толық қуатпен жұмыс iстей бастағанда, біз оған бiздiң еншілік үлесімізді сатып алуды ұсынамыз. Жалпы алғанда осындай жобалар 5-7 жыл бойы жүзеге асырылады.

– Сiздiң пікіріңізше, өнеркәсiптiң қай салалары инновациялық жобаларды қажет етеді?

– Бiз – аграрлық елміз және біздің осы салада үлкен ресурстарымыз бар. Бұл жолды ешбір ұмытуға болмайды, бiз агроөнеркәсiптiк қуаттардың жетiлдiруiмен, асыл тұқымды шаруашылықтардың дамытуымен айналысуымыз керек. Сонымен қатар тек шикiзат экспортымен ғана шұғылданбай, ауылшаруашылық өнiмнiң терең өңделуiне ерекше назар аударуымыз өте маңызды. Бұл үшiн үздік агротехниканы қолдану маңызды, қатерлi егiн шаруашылығы аймағында жоғары өнiмділікті қамтамасыз ете алатын инновациялық энергия- және су сақтайтын технологияларды жетiлдiру қажет.

Басқа маңызды сала – бұл металлургия өнеркәсiбі. Сонымен бiрге бұл жерде шетелге металл сынығын сату емес, түпкiлікті өнiм өндiрілуi үлкен мағынаға иеленеді. Бiз және де IT-технологиялар саласында да артта қалмауымыз керек. Сонымен қатар энергия сақтау, био- және нанотехнологияларды дамытуға күштi бағыттау маңызды. Үлкен ғылыми әлеует химия өнеркәсiбiнiң дамытуында да сақталады. Бiз үшін перспективті салаларды анықтап алу маңызды, және ары қарай осы салаларды жетілдіру негізінде жалпы тұрақты дамуға қол жеткізуге болады. Бiздiң пікірімізше, дамытуға бөлінетін қаражаттың 70% қазiргi уақытта жұмыс істейтін дәстүрлi салалар және өндiрiстердің жетiлдiруі мен жаңғыртуына бағытталу керек, ал қалған 30% – жаңа технологиялар саласын дамытуға жіберілу қажет.

Бірақ, технологиялар туралы айта келе, ғылыми әлеуеттің дамуы жайлы ұмытуға болмайды: ғылыми iргесiз инновациялар болмайды. Одан басқа, жаңа жоғары технологиялы жабдықтарды енгiзумен бірге, біз үшін сауатты мамандардың болуы маңызды. Сондықтан технологиялық дамумен бірге кадрлар әзiрлеуiне назар аудару керек.

– Әңгiмеңізге рақмет.

.

Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы әлемдік экономиканың қазіргі даму ғұрпына сәйкес болуы тиіс

Шикізат өндірісі секторының экспорттық түсімі көлемдерiнiң төмендеуiмен айқындалған Қазақстанның экономикасына жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы, елдің индустриалды дамыту және экономиканың дәстүрлi секторларының бiрiншi кезекте әртараптандыруды қажет етеді. Ағымдағы жылдың мамыр айында «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс XII съезіндегі сөзінде, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев: «2010 жылдың бірінші қаңтарынан бастап «Қазақстан-2030» Стратегиясының аясында біз индустриялық-инновациялық үдетілген даму бесжылдығын бастаймыз. Біз әлемнің барлық мемлекеттерінде өткен ғасырдың басында болған индустрияландыру туралы емес, инновациялық индустрияландыру туралы айтып отырмыз. Біздің индустрияландыру әлемдік экономиканың қазіргі даму ғұрпына сәйкес болуы тиіс…» деп айтып өтті.

Инновациялы индустрияландырудың негiзгi мақсаттары: кәсiпкерлiк пен мемлекеттiң күштерiн біріктіру және елдiң резервтерін экономиканың басты секторларын дамытуға шоғырландыру; қолайлы кәсiпкерлiк орта мен инвестициялық климатты қалыптастыру; ұлттық экономиканың қарқындылығы мен өнiмдiлiгiн арттыру.

Бас басымдылықтар болып: өнiмдердiң әртараптандыруы мен олардың терең өңделуiне дейiнгі технологиялық тiркестiң жалғасы арқылы дәстүрлi экспорттық секторларды дамыту; жоғары қосылған құны бар өнiмнiң және еңбек өнiмдiлiгiнiң биiк деңгейi көмегімен инновациялық өндiрiстерді дамыту болып табылады.

Партия съезінде мемлекет басшысы үкiметке аймақтардың ресурстық базасымен және инфрақұрылымның дамуымен байланыстырылған өндiрiстiк қуаттардың тиiмдi орналастыру схемасы қосылатын жаңа бағдарламаның iске асыруына қажеттi негiзгi құжатты – 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның индустрияландыру картасын әзірлеуді тапсырды.

Президент үдетілген индустриалды-инновациялық дамытудың негiзгi бағыттарын белгiлеп берді. Олар агроөнеркәсiптiк кешен және ауыл шаруашылық өнiмдерді өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсiн дамыту; мұнай өңдеу және мұнай-газ секторы инфрақұрылымын дамыту; металлургия және дайын метал өнiмдерінiң өндiрiсiн дамыту; химия, фармацевтикалық және қорғаныс өнеркәсiбін дамыту; көлiк және телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту.

Барлық жоспарлардың іске асырылуы нәтижесінде қосымша экономиканың өсуi 7 триллион теңгеден астам жылдық қосылған құнды құруға мүмкiндiк беретiн болады.

Парламент палаталарының жақында өткен бiрлескен мәжiлiсiнде Президент Үкiметке жыл аяғына дейiн екi бес жылдыққа бөлінген, алдағы 10 жылда елдiң индустрияландырылуын ынталандыру жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар жыл аяғына дейін 2010-2015 жылдарға арналған индустрияландырылу картасы мен 2020 жылға дейiнгі өндiрiстiк қуаттардың тиiмдi орналастырылуы схемасын дайындау қажет.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Үкімет Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн дамуының Стратегиялық жоспарын әзірлеуді аяқтап қалды. Стратегиялық жоспардың iске асырылуына оның алғашқы бес жылдық мерзiмде негiзгi мақсаттары мен даму міндеттерін нақтылайтын мемлекеттiк бағдарламалар жасалатын болады. Бұл мемлекеттік бағдарламалар саны үш-бестен көп болмайды және олардың тiзiмiн Мемлекет басшысы анықтайды деп ұсынылды. Осыған орай, экономика саласындағы бағдарламалық құжаттарды айтарлықтай оңтайландыру қажет болады.

Осы уақытта алғашқы бес жылға арналған үдетілген индустриалды-инновациялық даму жөніндегі Мембағдарламаның жобасы әзірленді. Мембағдарлама және салалық жаңа 10 бағдарламалар индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылары» бағдарламасының, Көлiк стратегиясының және индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі ережелерін біріктіретін болады. Жоғары қосылған құны бар қазiргi және перспективті өндiрiстер тiркелiмін көрсететiн құжаттар сияқты 23 мастер-план әзірленді. Мастер-план өнiм өндiрiсiнiң ұтымды технологияларын, оны сатып өткiзудiң әлеуетті нарықтарын және оның бәсекелестiк деңгейiн, инновациялық жобалардың iске асырылуына шағын және орта кәсiпкерлiктiң қатысу мүмкiндiгін, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерiстер енгізу қажеттілігін айқындайды.

Инновациялық индустрияландырудың бiрiншi кезектегi мақсаты, жоғарыда атап өткендей, кәсiпкерлiк пен мемлекеттiң күштерiн біріктіру болып табылатынды, демек елдiң үдетілген индустрияландыруы туралы мембағдарлама кәсiпкерлiкке не бере алады және не беруге тиіс деген сұрақтар пайда болады.

Біздің елдегi, әсіресе оның нақты секторындағы, кәсiпкерлiктiң негiзгi проблемасы әрдайым қаражаттың тапшылығы болғандықтан, мембағдарламада жобаларды жеңiлдете қаржыландыру ескерiлді. Жаңа өндiрiстердi қажеттi инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлуін мемлекет өзiне алады. Салықтық және кедендік ынталандырудың арнайы шаралары қолға алынады. Алдымен лицензиялау саласынан бастап, мемлекет көп әкiмшiлiк бөгеттерді жояды және мемлекеттiк органдардың рұқсат беру қызметiн оңтайландырады. Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде, Президент атап өткендей, кәсіпкерлік субъектілерді тексеру бойынша мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін ретіне келтіру қажет – меморгандардың дәл осы функциясы күні бүгінге дейін Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына кедергі ететін факторлардың бірі болған.

Мембағдарламаны iске асыру үшін кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қатарында, кәсіпорындарды дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін АЭЗ аумақтарында, индустриалдық зоналар мен технопарктерде жаңа өндiрiстер орналастырылады.

Жаңа өндiрiстердiң табысты қалыптасуы мен дамуы үшін мемлекеттiк сатып алулар арқылы нақты сұранысқа кепiлдiк беру маңызды. Үкiмет биылғы жылы отандық өндiрушiлерге мемлекеттiк тапсырыстар алуға мүмкiндiк беретiн құжаттар топтамасын қабылдады. Атап айтқанда, бағалық ұсынысы шетелдiк жабдықтаушыға қарағанда жоғары болған жағдайда да, қазақстандық жабдықтаушы қолдауға ие болады. Асып кету шегі 30 пайызбен шектелген, осы баға кәсiпорын ұсынатын тауарлар мен қызметтердегi қазақстандық мазмұнды үлестеме мөлшері деңгейiне байланысты өзгере алады.

Мембағдарлама ең алдымен экономиканың басты салаларындағы жоғары технологиялы және бәсекелестікке лайықты өндiрiстік бизнес-бастамалар үшін тиісті жағдай жасап, мемлекеттік ресурстық және қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін болады.