Экономика

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2013 жылғы қаңтар-маусымда 2012 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 104,1% құрады.

Экономиканың нақты секторы.

2013 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8737,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,8%-ға көп. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 102,2% құрады (5269,8 млрд. теңге). Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 1,8% өсу болды (2784,0 млрд. теңге). Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,5%-ға ұлғайды, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 11,9%-ға төмендеді.

Табиғи газ өндіру көлемінің өсу қарқыны 106,6%-ды құрады, көмір мен лигнит 100,6%-ды, металл кені – 105,9%-ды. Шикі мұнай өндіру 1,8%-ға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі2013 жылғы қаңтар-маусымда 510,3 млрд. теңгені құрап 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,4%-ға өсті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі2013 жылғықаңтар-маусымда 796,1 млрд. теңгені құрап 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 0,7%-ға жоғары.

Жүк айналымының көлемі 2013 жылғы қантар-маусымда 224,2 млрд. ткм. құрап 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,9%-ға жоғары.

Жолаушылар айналымының көлемі 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 11,5%-ға артып, 110,1 млрд. жкм құрады.

Байланыс қызметі 2013 жылғы қаңтар-маусымда 14,6%-ға өсті.

Бөлшек сауда тауар айналымы 2013 жылғы қаңтар-маусымда2235,7 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,3%-ға ұлғайды.

Көтерме сауда тауар айналымы есепті кезеңде 6070,6 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,5%-ға өсті.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы Ресей және Беларусь елдерімен өзара сауданы есепке ала отырып 2013 жылғы қаңтар-мамырда 52,1 млрд. АҚШ долл. құрап, 2012 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 4,5%-ға азайды, оның ішінде экспорт – 34,3 млрд. АҚШ долл. (10,8%-ға төмендеді), импорт – 17,9 млрд. АҚШ долл. (10,3%-ға өсті).

Төлем теңгерімінің оң сальдосы 16,4 млрд. АҚШ долларын құрады (2012 жылыдың тиісті кезеңінде – 22,1 млрд. теңге АҚШ долларын құрады).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2013 жылғы қаңтар-маусымда 2281,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 7,9%-ға көп.

Қаржыландыру көздері бойынша.

Негізгі капиталға салынға инвестициялар құрылымында кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттарының үлесі 52,7%-ды (2012 жылғы қаңтар-маусымда – 56,6%), шетел инвестициялары – 14,6%-ды, (16,6%), бюджет қаражаттары – 14,3%-ды (17,7%) және қарыз қаражаттары – 18,5%-ды (9,1%) құрады.

Еңбек нарығы.

2013 жылғы маусымда жұмыссыздар саны 468,0 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,2%-ына жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2013 жылғы маусымның аяғында 58,9 мың адамды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,7%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады (31,6 мың адам).

Халықтың табысы.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары бағалау бойынша 2013 жылғы қаңтар-мамырда 268,0 мың теңгені құрады. Өсім 2012 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 9,2%-ды, нақты ақшалай табыстар үшін – 2,4%-ды құрады.

Қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2013 жылғы қаңтар-маусымда 104,1 мың теңгені құрады, өсім атаулы мәнде 7,0%-ға, нақты мәнде 0,5%-ға өсті.

Инфляция.

Тұтыну бағасының индексі 2013ж. маусымда өткен аймен салыстырғанда 100,3% құрады (2012 жылдың сәйкес кезеңінде – 100,3%), оның ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға өсті (0,2%), азық-түлік емес тауралар 0,2%-ға қымбаттады (0,2%), ақылы қызметтерге баға мен тарифтердің индексі 0,5%-ға қымбаттады (0,2%).

Жылдық көріністегі инфляция деңгейі (2013 жылғы маусымда 2012 жылғы маусыммен салыстырғанда) 5,9%-ды құрады, бұл өткен жылғы маусымдағы 4,9%-ға қарсы. Азық-түлік тауарларына баға өсімі 4,5%-ды құрады өткен жылғы 3,6% қарсы. Азық-түлік емес тауарларға баға өсімі 2,8%-ды құрады (4,6%), ақылы қызметтерге – 10,9% (7,1%).

2012 ж. сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы

Германия Қазақстанның жетекші экономикалық серіктестіктері қатарына енеді. Екi ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар түрлi деңгейлерде екiжақты өзара әрекеттесудің өсу динамикасымен сипатталады.

Герман статистика мәлiметтері бойынша, өзара тауар айналымының көлемi 2012 ж. қорытындылары бойынша 5,9 млрд. евро құрады: экспорт – 1,97 млрд. евро, импорт – 3,98 млрд. евро.

Германияның жетекші экспорт бағыттары – машиналар, жабдықтар, электртауарлар, автокөлiк, құралдар, дәрi-дәрмектер. Қазақстан Германияға көмiрсутектер (үлесі – 90%), металлдар, химиялық шикiзат, ферроқорытпалар жеткізіп тұрады. ҚР-ның экономикасына ГФР-ның инвестициялары 1,8 млрд. АҚШ доллар құрайды, ал Қазақстаннан Германияға 6,7 млрд. АҚШ долларға жуық инвестициялар салынған.

Қазақстанда герман капиталының қатысумен бiрлескен кәсiпорындар мен немiс компаниялары және банктердiң өкілдіктерiн қоса есептегенде, 1250-ден аса экономикалық құрылымдар тіркелген. Ынтымақтастық өңдеуші өнеркәсiп, құрылыс, көлiк және байланыс, ауыл шаруашылығы, басқа да коммуналдық, әлеуметтiк және дербес қызмет салаларында, экономиканың өзге де жақтарында iске асады. «Сименс», «Даймлер», «Фольксваген», «Метро», «ТиссенКрупп», «Ман», «РВЕ», «Кнауф», «ЕАДС», «Байер», «БАСФ», «Бош» белгiлi герман концерндер Қазақстанда жұмыс атқарады.

Экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 6-8 ақпандағы Германияға сапары елеулі серпін бердi. Мемлекет басшысы екiжақты жобалардың экономикалық көрмесiн тамашалады, сонымен қатар iрi немiс компаниялар басшыларын қабылдады. Шикiзат, өнеркәсiп және технология салаларындағы серіктестік туралы үкіметаралық келiсiммен қатар, сапар барысында басқа да маңызды ресми келiсiмдерге және жалпы сомасы 4,5 млрд. евро құрайтын 50-ге жуық коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Президент ГФР-на өз сапары қорытындыларын «топжарғылы» деп сипаттады және немiс технологиялары көмегiмен шикiзат қорларын өңдейтін жаңа өндiрiс қуаттарын ҚР-да жасауды қамтамасыз ету қажеттiгін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы вице-министрi М.Өмірияев бастаған ҚР делегациясы қаңтарда «Жасыл апта» көрмесіне қатысты. Сапар 2014 жылға дейiн ұзартылған аграрлық-саяси пікір алмасудың табысты iске асырылуы өрісінде өтті.

2012 ж. 28 ақпан – 3 наурыз аралығында ҚР-ына Бавария экономика министрлiгi статс-хатшысы Катя Хэссельдің басшылығымен экономикалық делегация келді және министрлiктер, мекемелер, кәсiпкерлiк бiрлестiктерiнде кездесу өткiздi, сонымен бiрге кооперациялық биржалар жұмыстарына қатысты.

Қазақстан 2012 ж. 6-10 наурыз аралығында Ганновердегi CeBIT көрмесіне қатысты. ҚР стендiн «Зерде» Холдингі көрсетті, экспозицияда – ҚР нарыққа енгiзiлген ақпараттық технологияларының өнiмдері болды.

Қазақстандық делегация 2012 ж. 7-10 наурызда Берлиндегi ITB дәстүрлi халықаралық туристтiк биржасының жұмысына да қатысты.

2012 ж. 13-16 наурызда, қатынастарды нығайту және аймақаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында, Қазақстанда Бундестаг депутаты, Еуропа Кеңесi Парламенттiк Ассамблеясының мүшесi Карин Штренц болып қайтты. Ол Астанада бірқатар қазақстандық меморгандар басшыларымен кездестi, экономикалық «дөңгелек үстелдер» жұмыстарына қатысты, сонымен бiрге Ақмола облысында болды. Мекленбург – Алдыңғы Померания (ГФР) ҚР экономикасының күнiн өткiзу туралы келiсiмге қол жеткізілді.

2012 ж. 19 наурыз күні жұмыс сапармен Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаров Берлинде болып қайтты. Сапардың негізгі мақсаты ретінде «Жасыл көпір» бағдарламасы мен Қазақстанның Жаһандық энергия-экологиялық стратегиясын ілгерілеті болып табылды.

2012 ж. 23-25 сәуiрде ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары С.Ахметов бастаған делегация Ганновер көрмесіне қатысты, немiс компаниялары мен ұйымдар басшыларымен келiссөздер жүргізді, Берлин Еуразиялық клубының бiрiншi отырысы мен үшiншi Герман Шикiзат конгрессi жұмыстарына ат салысты. Сонымен бiрге делегация Магдебургте заманауи үй құрылысы мен шыны өндiрiсiнде және Фраунгофер институтында болып қайтты.

2012 ж. 6-8 мамырда Геоғылымдар мен шикiзат жөніндегі федералдық мекемесі президенті Х.Кюмпель бастаған делегация сапармен Астанада болды. Делегация шикiзат және технологиялық әрiптестiк туралы келiсiмді iске асыру бойынша Геология комитетi мен ҚР ИЖТМ басшылығымен кездестi. Геология комитеті және Геоғылымдар мен шикiзат жөніндегі федералдық мекеме арасында Ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылды.

Мекленбург – Алдыңғы Померания федералдық жерінде 2012 ж. 14 мамырда Қазақстан экономикасының күнi өтті. Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Э.Квятковский бастаған делегация қатысып, бірқатар өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен ұйымдарда болды. Сапар барысында Ақмола облысы және Мекленбург – Алдыңғы Померания арасындағы қатынастарды дамытуға бағытталған Көкшетау мен Висмар қалалары Ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойды.

2012 ж. 22 мамырда 5-шi Астана экономикалық форумы барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгімен бірге «Қазақстан және Германиян: шикiзат, индустриалды және технологиялық ынтымақтастықтың өзара тиiмдi перспективалары» атты, жұмысына 150 адам ат салысқан экономикалық форумы ұйымдастырылды.

2012 ж. 12 маусымда Герман экономикасы Шығыс комитетiнiң делегациясы Астанада сапармен болды және Индустрия және жаңа технологиялар министрі А.Исекешевпен, Президент әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң орынбасары Б.Султановпен, Сыртқы iстер министрінiң орынбасары А.Волковпен, «Атамекен» Президиумының төрағасы – ҚР-ГФР Iскерлік кеңесiнiң тең төрағасы Т.Құлыбаевпен, «Самұрық-Казына» ұлттық әл-ауқат қоры басшылығымен кездесті. Кездесулер барысында шикiзат, өнеркәсiп және технология салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

2012 ж. 25-26 маусымда Гамбургте Стратегиялық ынтымақтастық бойынша Қазақ-Герман Iскерлік кеңесінің 4-шi отырысы және Экономика және сауда бойынша Үкіметаралық жұмыс тобының 6-шы отырысы өттi. Қазақ-Герман Iскерлік кеңесі отырысының негiзгi тақырыбы ҚР және ГФР үкiметтері арасындағы шикiзат, өнеркәсiп және технология салалардағы әрiптестiк туралы Келiсiмдi iске асыру болды. Үкіметаралық жұмыс тобының мәжiлiсінде шикiзат, өнеркәсiп және технология салаларындағы ынтымақтастық мәселелері, сонымен қатар инновациялар төңiректерiндегi өзара әрекеттесу, ауыл шаруашылығы, энергетика, энергия тиiмдiлiгі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, қаржылай-банктiк қызмет, азаматтық авиация, төтенше жағдайлар, дуалды бiлiм беру жүйесi және т.б. сұрақтарды талқылады. Неміс тарапы бүкiләлемдiк ЕХРО көрмесiн 2017 жылы Астанада өткiзу туралы қазақстандық ұсыныспен таныстырылды.

2012 ж. 23-27 маусымда Парламентаралық байланыстар мен аграрлық-саяси пікір алмасудың дамуы аясында, Парламент Мәжілісінің Аграрлық комитетінің төрағасы Р.Мадинов бастаған ҚР парламентшілері ГФР-да болып өздерінің неміс әріптестерін – «Германия – Орталық Азия» парламенттік топ мүшелерін кездестірді. Сонымен бірге, делегация ГФР Бундестагы мен ҚР Парламент Мәжілісі Аграрлық комитеттерінің біріккен отырысына қатысты.

2012 ж. 29 тамыздағы Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында, ГФР Федералдық сыртқы iстер министрi Г.Вестервелле Мемлекет басшысымен, ҚР Сыртқы iстер, Индустрия және жаңа технологиялар министрлерімен жүздесті. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде ҚР мен ГФР iскер топтарының қатысуымен, экономикалық ынтымақтастықтың арнайы тақырыптарына арналған «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

2012 ж. 11-13 қыркүйекте ҚР делегациясының ILA-2012 әуеғарыш индустриясы көрмесiне қатысу шеңберiнде, Берлинге ҚР Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң төрағасы Т.Мұсабаев жұмыс сапарымен келді. Сапар шеңберiнде ғарыш саласындағы ынтымақтастық бойынша EADS Astrium және OHB Technology компаниялары жетекшілерімен келiссөздер жүргiзiлдi.

«InnoTrans-2012» көлiк көрмесіне қатысу үшiн 2012 ж. 17-20 қыркүйекте Германияға вице-президент Е.Сұлтанов бастаған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы делегациясы келді. Сапар барысында немiс темiр жолдарының басшылығымен, шетелдік әрiптестерiмен кездесулер өттi, ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар делегация Еуро-Азиялық темiр жол саммитіне қатысты.

2012 ж. 27-28 қыркүйекте Герман экономикасы Шығыс комитетiнiң төрағасы Э.Кордес Қазақстанға сапармен келіп, Президент Н.Назарбаевпен, Индустрия және жаңа технологиялар министрі А.Исекешевпен, Сыртқы iстер министрі орынбасары А.Волковпен, «Атамекен» Одағы Президиумының төрағасы – ҚР-ГФР Iскерлік кеңесiнiң тең төрағасы Т.Құлыбаевпен жүздесті. Шикiзат, өнеркәсiп және технологиялық серіктестікті тез дамыту, ҚР агроөнеркәсiптiк секторындағы бiрлескен жобаларды iске асыру мәселелері, сонымен қатар «дуалды» жүйе бойынша білім беру мәселелері талқыланды.

2012 ж. 19-21 қазанда Премьер-министрдің орынбасары Е.Орынбаевтың бастауымен қазақстандық делегация ГФР-да сапармен болып қайтты. Сапар мақсаты – 2012 ж. ақпанындағы ГФР-на ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жоғарғы деңгейдегі сапары барысында Қазақстандағы кәсiби-техникалық бiлiмнiң «дуалды» жүйесiн дамыту бойынша қол жеткізілген өзара уағдаластықтарды iске асыру болды.

2012 ж. 24-25 қазанында ҚР Премьер-министрi С.Ахметовтың ГФР-на сапары ынтымақтастыққа көрнектi серпін бердi. Сапар аясында С.Ахметов ГФР Канцлері А.Меркельмен, Вице-Канцлер, Экономика және технологиялар министрі Ф.Рёслермен, Сыртқы iстер министрi Г.Вестервеллемен, Герман экономикасы Шығыс комитетiнiң төрағасы Э.Кордесоммен, ГФР Өнеркәсiп бірлестігінің президентi У.Грилломен кездестi.