Қазақстан

Мемлекеттiк құрылысы. Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.

1991 жылдын 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақстанның бірінші Президенті – Н.Ә. Назарбаев. Ол 1991 жылы желтоқсанда өткен бірінші бүкілхалықтық Президент сайлауында сайлаушылардың 98,7 пайызының колдауымен Ел басы болып сайланды. 2005 жылғы желтоқсан айының 4 жұлдызындағы өткен Қазақстанның Президентін сайлауында Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 91,15 пайызының қолдауымен келесі 7 жылға тағы да Ел Басы болып сайланды.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Республика Президентіне конституцияға және заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1991 жылдың желтоқсан айнының бірінші жұлдызында халықтық алғашқы Президенттін сайлау барысында Н.Ә.Назарбаев халықтың 98,7 пайыз дауысына ие болды. 1995 жылдың сәуір айының 29 жұлдызында өткізілген жалпы ұлттық референдумының нәтижесінде Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000-інші жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 79,78 пайыз дауысына ие болып 7-жылдық мерзімге Президент болып қайта сайланды. 2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.

2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Парламент – Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент екi Палатадан құрылады: Сенаттан (47 орын) және Мәжiлiстен (77 орын, оның 67 депутаты мажоритарлық және 10 депутат партия тізімімен сайланады).

Президент Үкiметтi Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады.

Конституциялық Кеңестiң төрағасын республика Президентi тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемл. басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат) және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.