Мемлекет басшысының Жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Жалғас Жұмаұлы ӘДІЛБАЕВ 

1964 жылы 15 желтоқсанда Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген (1990 ж.), мамандығы – тарихшы, әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасы (1994 ж.), PhD докторы.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 1998 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді. Өзінің дипломатиялық қызметін Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы лауазымынан бастады. 2000 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік Протокол қызметін басқарды. 

Әр жылдары Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің кеңесшісі, Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы (Иран) Бас консулы қызметін атқарды. 

2010 жылдан 2015 жылға дейін ҚР СІМ Орталық аппаратында Халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті төрағасының орынбасары және Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимыл және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жөніндегі ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі ретінде қызмет атқарды.

2015-2017 жылдар аралығында Қазақстанның Армениядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді. 

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі қызметіне тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын тілін меңгерген. Үйленген, екі баласы бар.