АНКАРА, 2018 жыл 19 сәуір – Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркия Республикасына ресми сапармен келді. Анкарадағы келіссөздердің назарында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға осы жылдың жазында жасайтын алдағы ресми сапарының маңызды мәселелерін зерделеу. Тараптар, сондай-ақ екі мемлекет басшыларының төрағалығымен өтетін жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына дайындалуда.
Қ.Әбдірахмановтың Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлумен болған келіссөздерінің барысында тараптар Қазақстан Республикасы Президентінің Анкараға жасайтын сапарының күн тәртібі мен оның аясында қол қоюға ұсынылатын құжаттардың жобаларын үйлестіруді таяу болашақта аяқтауға келісті.
Сонымен қатар бірқатар экономикалық келісім-шарттарды жасасу мәселесі пысықталуда. Ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары: көлік, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, туризм. Тараптар екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін одан әрі дамытуға мүдделі.
Түркия Қазақстанның басым инвестициялық әріптесі болып қалуда. Екі ел үкіметі Президент Р.Ердоғанның өткен жылдың қыркүйек айында Астанаға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырумен айналысуда.
2017 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға артып, 1,9 миллиард долларды құрады. СІМ басшысы Қазақстан экономикасын жаңғырту бойынша бастамалар мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы айтты. Қызығушылықты қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туғызды.
Министрлер Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммитіне дайындықты және Астанада орналасқан Түркі академиясы қызметін талқылады.
Сонымен бірге келіссөздер барысында тараптар Сирия жөніндегі Астаналық үдерісті одан әрі нығайтуға қолдау көрсетті.
Сапар аясында қазақстандық делегация Түркия саяси басшылығымен, іскерлік топтардың, сарапшылар қауымдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесетін болады.
Жаңалықтар
- 23.4.2018БҰҰ штаб-пәтерінде Орта Азиядағы саясаттанушылар мен журналистер үшін семинар өтті
- 23.4.2018Қ.Әбдірахманов Түркия Президентімен Қазақстан мен Түркияның жоғары деңгейлі кездесуіне дайындығын талқылады
- 23.4.2018Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапар жасады
- 23.4.2018Стратегиялық ынтымақтастық және экономикалық дипломатия Қазақстан СІМ басшысының Түркияға жасаған сапарының басты назарында
- 23.4.2018ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың Қазақстан үшін басым бағыттары Душанбе шаһарында жарияланды
Байланыс

Мекен жайы:
Beethovenstrasse 17,
60325 Frankfurt am Main
Телефон арқылы консультация беру:
14:00 ден 16:00 дейін
Толық
Банк шотының деректемелері
Generalkonsulat der
Republik Kasachstan
Konto: 238165501
BLZ: 10070000
Deutsche Bank
SEPA:
Generalkonsulat der
Republik Kasachstan
IBAN DE 54 1007 0000 0238165501
SWIFT (BIC) DEUTDEBB