19-20 маусымда тікелей диалог, пікірталас және 57 ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер мен оның бес серіктес мемлекеттер арасында экономикалық қатынастар орнатуға арналған ерекше алаң болып табылатын «Common Challenges and Common Opportunities» тақырыбындағы ЕҚЫҰ-ның жылдық Азия конференциясына қатысу мақсатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Германияға жұмыс сапары өтті.

ЕҚЫҰ мемлекеттерінің жоғары өкілдері, сондай-ақ АСЕАН, АСЕМ және т.б. серіктес мемлекеттерден шақырылған қонақтары қатысқан форумды Германияның ЕҚЫҰ-ға төрағалық бойынша Федералдық үкіметінің Арнайы уәкілі Гернот Эрлер мен ЕҚЫҰ хатшысы Ламберто Заньер ашты.

«Өзара байланыс пен аймақтық экономикалық серіктестік» тақырыбындағы панельдік сессиясында сөйлеген сөзі барысында Р. Василенко тыңдаушыларды Қазақстанның халықаралық бастамаларымен және жетекші халықаралық экономикалық қауымдастықтар мен ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың бастапқылықтарымен таныстырып, мемлекеттің транзиттік-көліктік мүмкіндіктерімен және көлік пен энергетикалық жолдарын әртараптандыру мәнмәтінінде жаңа мүмкіндіктерінің мағынасын ашты.

Орталық Азияның ең ірі әлемдік нарықтары арасындағы стрегиялық көпір ретіндегі тарихи рөлін, сондай-ақ аймақаралық және халықаралық экономикалық интеграцияны нығайту қажеттілігін атап өтіп, қазақстандық дипломат форумға қатысушыларды Қазақстанда іске асырылып жатқан көліктік инфрақұрылымды дамыту саласындағы жобалар туралы хабардар етті. Бұл ретте экономикалық жағымдылық пен мемлекет арқылы өтетін Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік транзиттік жолдарының практикалық тиімділігіне аса назар аударылды.

Сонымен қатар, Орталық Азияның транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақтың, жақында кеңейтілген Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты ұйымдардың әлеуетін тартудың, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ, Жапония, Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары арасындағы диалогтық форматтарының маңыздылығы атап өтілді.

Р. Василенко Қазақстан Президенті Н.Ә. Наарбаевтың бастамасымен Азия өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) басымдықтарын атап өтіп, осы биыл 25 жыл толатын АӨСШК негізінде Азиядағы қауіпсіздік пен даму ұйымы (АҚДҰ) құру бойынша ұсыныстардың маңызды екендігін атады.

Берлинге жасаған сапары барысында қазақстандық дипломатының ГФР СІМ Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің уәкілеттісі Андреас Пешкемен және ГФР Экономика және энергетика министрінің орынбасары Экхард Францпен болған екіжақты кездесулерінде екіжақты Қазақстан-Германия қарым-қатынастарының елеулі мәселелері және жақын арада болатын Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердың Астана қаласына ресми сапарының мазмұнды аспектілері талқыланды