G-Global

«G-Global» – бұл жаһандық деңгейдегі мәселелерді талқылау мақсатында бір ортаға жиналған әлем ойшылардың көпфункционалды Ғаламтор алаңы.

G-Globalкоммуникативтік алаңы қысқа мерзім аралығында 149 мемлекеттің өкілдері болып табылатын 25 000 астам қатысушыларды біріктірді.

Қазақстан және әлем зияткерлерінің әлеуметтік желісі әлем болашағы тәуелді кең ауқымды сұрақтардың шешімдерін іздестіру жолында. Күн сайын әлемнің сарапшылар қауымдастығы үшін түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, демографиялық және басқа мәселелер бойынша интерактивтік, ашық және қоғамдық пікірсайыстар ұйымдастырылуда.

Бүкіл әлемнің өкілдері болып табылатын сайт пайдаланушылары төмендегі бөлімдерге қатыса алады:

  1. Сараптамалық шолу
  2. Бизнес жобалар
  3. Блог
  4. Пікірсайыс
  5. Басылымдар

және жаңа жоба – «АЙ ТҰЛҒАСЫ»онлайн конференциясында өз сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндігіңіз бар.

Бізді қолдағандар: 14 Нобель сыйлығының лауреаттары – Роберт Манделл, Джон Нэш, Роберт Корнберг, Эрик Маскин, Джон Ауманн, Финн Кидланд, Джеймс Миррлисжәне халықаралық ұйымдар, бизнес, ғылым және білім өкілдері.

ҚАЛАЙ БАСТАУ АЛДЫ?
Жаһандық ақпараттық алаң халықаралық қатынастар мен ықпалдастықта жаңа қадамдарды талап етуде.
Жоғарыда айтқандарды ескере отырып, 2011 жылдың 15 ақпанындаҚазақстан Республикасының ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған салтанатты сөзінде қызығушылық танытқан мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар және әлем қауымдастығының көпжақты ықпалдастығының жаңа үлгісі – Астана экономикалық форумының негізіндегі – G-GLOBAL форматын ұсынды.
2012 жылдың 12 қаңтарында жеке және әлем экономикасының дамуына қызығушылық танытқан тек Қазақстанның ғана емес, әлемнің атақты ғалымдарын, бизнес қауымдастығын, билік органдарын бір ортаға біріктірген, G-Globalкоммуникативтік алаңы бастау алды.
Халықаралықвиртуалдық алаң әлемдік қаржы дағдарысынан шығу жолдарын іздестіруге арналғанжоба.
Сарапшылар мен ғалымдар төмендегі тақырыптар бойынша өз басылымдарын ұсынуда: Қазақстан экономикасы, аймақтық саясат, сауда-саттық қауіпсіздігі, заң және адам құқықтары, «жасыл экономика», энергияның айналмалы көздері және т.б.
Түрлі деңгейдегі сарапшылар екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелділік қауіптерін төмендету жолдарын, қаржылық активтерді бағалау әдістерін, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеудің объективті қажеттіліктерін, атомэнергетикасы бойынша сұрақ жауаптарын іздестіру үстінде.
Сондай-ақ бұл жерде қонақтар пікірсайыс және пікірталас негізінде жаһандық және экономикалық мәселелерді, Қазақстандағы және әлемдегі білім беру сұрақтары, қаржы жүйесі айналасындағы жағдай, мұнай бағасы және басқа да энергоресурстар сынды жергілікті және жағандық көкейтесті сұрақтарды талқылауда.

2012 ж қазан айында сайт ребрендингі жасалынып, жаңа порталдың әрлендірмесі ғаламторда жұмыс жасаудың үш оңтайлы қағидатына негізделген: бағдар, дербестік және минимализм.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Бірегей ақпарат ауқымы жүктеуге және пайдалануға әзір. Ең көп пікір тудырған және белсенді түрде оқырман назарына ұшыраған мақалалар мен тақырыптар Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы қауымдастығының әр тоқсан сайын шығатын –EurasianEconomicReviewжурналының беттерінде жарық көреді.

Басылымға шықпаған мақалалар болса, жыл сайын өтетін Форум аралығындағы басылымдар автоматты түрде G-Global алаңының түрлі номинациядағы сайыстарына қатысуға және салтанатты түрде дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапаттау рәсіміне қатысуға мүмкіндігі бар. G-Global алаңының сыйлық қоры 5 000 000теңгеге жуық сома құрайды. Сонымен қатар, аталмыш бәйге әлем қауымдастығына өзің туралы жария етуге, әлемдегі экономикалық жағдайды қалыптастыруға өз үлесіңді қосып, әлемдік деңгейдегі шараның қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік болып табылады

ЗТБ «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығы әлем экономикасының дамуына өз үлесіңді қосып, G-Global бәйгелеріне қатысуға шақырады!