Оралман мәртебесін алу

Көші-қон туралы заңының 1 бап 11) тармақшасы бойынша, мына адамдар оралмандар болып саналады: шетелдіктер немесе ұлты қазақ, азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының егемендігін алған уақытта шетелде тұрақты және Қазақстанға тұрақты тіркелу мақсатымен көшіп келген тұлғалар.
Бұл ретте 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының егемендігін алған күні деп анықталынады.
Көші-қон заңының 14-ші бабына сәйкес тұлғаның оралмандар танылу үшін құжаттарын отбасы құрамынан кәмелетке толғандардың біреуі немесе дипломатиялық өкілеттіке уәкілетті тұлға арқылы, шетелдегі Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне немесе уәкілетті органға тапсырады.
Қазақстан Республикасының көші-қон үдерісін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы үкімет 2004 жылғы 29 қазандағы бастап № 1132 қаулысына сәйкес.
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, яғни Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті болып табылады.
Оралман деген атақ алу үшін және отбасыны иммиграциялық оралмандар квотасына жатқызу үшін құжаттарды қарастыру, сонымен қатар берілген сұрақтар бойынша шешімдер жергілікті қызмет көрсететін уәкілетті органға тіркелген күнінен бастап екі ай ішінде қабылданады.
Оралмандар иммиграцияның квотасы, яғни оралмандар отбасы саны Қазақстан Республикасының аумағына жыл сайын көшіп келеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне Көші-қон туралы заңына сәйкес оралмандарға жәрдемақы және өтемақы бекітеді.
Оралман деп танылған тұлғаларға үлгімен бекітілген куәлік беріледі. Оралман куәлігі қатаң есептілік құжат және Көші-қон туралы заңына сәйкес жәрдемақы және өтемақы алуға негіз болып табылады.
Тұлғаның оралман танылуына немесе миграциялық квотаға кіруге рұқсат берілмеген жағдайда бір ай уақыт ішінде шешім қабылдаған хаттама ескертпе көшірмесі беріледі.
Оралман деп танылу үшін өтініш берген тұлғалардың Көші-қон туралы заңының 15 бабында құқықтарымен міндеттері көрсетілген.
Қазақстан Республикасының аумағына көшіп келген, оралмандар деп танылу үшін құжаттарын тапсырған тұлғалар, шетелдіктер және азаматтығын жоқ тұлғаларға арнаиға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген құқықтарды пайдалануы және міндеттерді орындау тиіс.
Шетелдегі Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне немесе дипломатиялық өкілдігіне оралман деп тану жағдайында және Қазақстан Республикасының аумағына көшіп келу жағдайында осы тұлғаларға мыналар міндеттелінеді:
– алған бағыттама бойынша үш күн уақыт ішінде уақытша орналастыру орталығына көшу;
– Қазақстан Республикасының заңды құқықтарына сәйкес ішкі істер органынан тіркеуден өтіп, жергілікті көші-қон кызметіне тұратын мекені бойынша хабардар ету;
– уақытша орналастыру орталығындағы тұлғалар қабылданған ережелерді сақтау;
– дендаулық сақтау органының талабы бойынша медициналық тексерістен өтіп, емделу, егілу, сонымен қатар денсаулық сақтау органының жазғандарын орындау.
– құжаттарды қарастыруға қажетті мәліметтермен көші-қон қызметін хабардар ету.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, яғни оралман деген атақты алған тұлғалар үшін жәрдемақы тізбесі қолданады.
Сонымен қатар оралмандар үшін Қазақстан Республикасының заңдарының талаптары кең таралмаған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру заң бойынша бес жыл немесе Қазақстан Республикасының азаматымен үш жыл шамасында некеде болуы қажет (азаматтық заңының екінші азат жолы, 1) тармақша, бірінші бөлім, 16 бап).
Көші-қон туралы заңы бойынша 24 бап, бірінші бөлім, 4) тармақшада оралмандардың шетелдіктермен және азаматтығы жоқ тұлғалардан айырмашылығы Қазақстан Республикасының тұрақты тұрғыны болу үшін Қазақстан Республикасына көшіп келген уақытындағы төлем қабілеттілігі жайлы мәлімет талап етілмейді.
Оралмандарды Қазақстан Республикасына көшіп келу жөнінде міндеттемелерді заңдастыру тәртібі
Қазақстан Республикасына квотадан тыс тұрақты тұруға ниет білдірген Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасы өкілдері Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне тұрақты тұру визасын беру туралы өтінішпен арызданады, сонымен қатар нотариуста расталған және ҚР мемлекеттік мекемелерінде келісілген кепілдік хатын тапсырады.
Аталған кепілдік хатының (міндеттеменің) үлгісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы депаратаменті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті, Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп қабылданған.
Облыстық (қалалық) әкімшілікте және көші-қон полициясының облыстық (қалалық) басқармасында келісілгеннен кейін нотариалды куәландырылған кепілдік хаты (міндеттеме) орнатылған тәртіпте ҚР СІМ КҚД-не консулдық мақсатында ұсынылады.
Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу
квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігі Төрағасының
2004 жылғы 17 тамыздағы N 70-ө бұйрығы
“Халықтың көші-қоны туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығы бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
3. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасы міндетін атқарушының “Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы” 2003 жылғы 08 тамыздағы N 60-Б бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Құртаев Әлімжан Сейітжанұлына жүктелсін.
Төраға
А. Жағанова
Қазақстан Республикасының
Көші-қон және демография
жөніндегі агенттігі төрағасының
“Оралман мәртебесін айқындау және
оларды оралмандардың көшіп келу
квотасына енгізу нұсқаулығын
бекіту туралы” 2004 жылғы 17 тамыздағы
N 70-ө бұйрығымен
Бекітілген
Оралман мәртебесін айқындау және оларды
оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық “Халықтың көші-қоны туралы” Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін айқындауды және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді көздейді.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) оралмандар – ұлты қазақ шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген азаматтығы жоқ адамдар;
2) оралмандардың көшіп келу квотасы – Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударуға жыл сайын жол берілетін, Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтем берілетін оралмандар отбасыларының саны;
3) аумақтық орган – Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің оралмандар отбасыларын іріктеуді және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді жүзеге асыратын аумақтық органы (бұдан әрі – аумақтық орган);
4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – халықтың көші-қоны саласындағы саясатты іске асырушы және жұмысты үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган).
3. Осы Нұсқаулықтың күші ұлты қазақ шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және мақсаты Қазақстан Республикасында тұрақты тұру болып табылатын азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Бұл кезең 1991 жылғы 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні деп белгіленсін.
2. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу үшін қажетті құжаттар
4. Оралман мәртебесін беру туралы өтініш беруші адамдар мына құжаттарды табыс етеді:
1) оралман мәртебесін беру туралы өтініш;
2) қысқаша өмірбаян;
3) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттарының, жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің, аттестаттарының, дипломдарының, әскери билеттерінің көшірмесі).
5. Көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш беруші оралмандар әрбір күнтізбелік жылға мына құжаттарды табыс етеді:
1) көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш;
2) қысқаша өмірбаян;
3) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттарының, жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің, аттестаттарының, дипломдарының, әскери билеттерінің көшірмесі);
4) Қазақстандағы тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;
5) Үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.
3. Оралман мәртебесін айқындау және оларды
оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
шарттары
6. Оралман мәртебесін беру және өздерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің бірі өз қолымен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе тікелей уәкілетті органға тапсырады.
7. Оралмандардың отбасыларын көшіп келу квотасына енгізу тәртібі:
1) өтініш берушілердің құжаттарын мәліметтерінің дұрыстығын тексеру (бағалау) мақсатымен зерделеуді;
2) оралман мәртебесін беруді;
3) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді көздейді.
8. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды.
9. Оралман мәртебесін беру және көшіп келу квотасына енгізу туралы шешімді аумақтық органның басшысы құрған комиссия шешеді.
10. Адамның оралман мәртебесін беру туралы өтініші және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу уәкілетті органда тіркелген күннен бастап кезектілік тәртібімен қаралады.
11. Оралман деп танылған және жыл сайынғы оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі және оралмандардың есеп карточкасы толтырылады.
12. Адамды оралман деп танудан немесе көшіп келу квотасына енгізуден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзім ішінде өтініш берушіге шешімнің көшірмесі түрінде жазбаша хабарлама беріледі.
13. Аумақтық қызметтердің шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады.
14. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы аумақтық қызметтердің шешімдерін, сонымен қатар оралмандардың арыз шағымдарымен талап-тілектерін қарау үшін уәкілетті органның басшысымен комиссия құрылады.