ҚР министрліктері мен ведомстволары тарапынан құжаттарға

Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды.
Осыған байланысты, ҚР ның Германиядағы Елшілігінің немесе Франкфурт Майн қаласындағы Бас Консулдығының банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз.
Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты талаптар қарастырылмайды.

ҚР МИНИСТРЛІКТЕРІ МЕН ВЕДОМСТВОЛАРЫ ТАРАПЫНАН ҚҰЖАТТАРҒА
АПОСТИЛЬ ҚОЮ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 11-ІІ Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастырудың сұраныстарын жою туралы Конвенциясына қосылды (1961 ж.10.05. Гаага қаласы). Аталған конвенция Қазақстан үшін 2001 жылы 30 қаңтарда күшіне енді.

Осыған орай ҚР Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ, аталған Конвенцияға қатысты мемлекеттердегі аккредитациядан өткен ҚР–дың дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық заңдастыруды жүзеге асыру сұраныстарынан босатылады. Ресми құжаттарға «апостиль» мөрі қою жолымен куәландырады. Қазіргі кезде Конвенцияға қатысушы ретінде 68 мемлекет кіреді.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметі Қаулысына сәйкес құжаттарды апостилдеу ҚР өкілетті органдарына келесі мекемелер жатады:

1. ҚР Әділет министрлігі: әділет және басқа да мемлекеттік органдары, сондай-ақ нотариустардан шыққан ресми құжаттарға.
2. ҚР Білім және ғылым министрлігі: білім, ғылым және мемлекеттік оқу орындардан шыққан ресми құжаттарға.
3. ҚР Ішкі істер министрлігі: қоші-қон полициясының құрылымдық бөлімшелернен шыққан ресми құжаттарға.
4. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті: мемлекеттік мұрағаттардан шыққан мүрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне.
5. ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет: тыңғылықты іс жүргізу сот органдардан шыққан ресми құжаттарға.
6. ҚР Қаржы министрлігі: ҚР Қаржы министрігінің құрылыстық және өлкелік бөлімшелерден шыққан ресми құжаттарға.
7. ҚР Бас прокуратурасы: прокуратура органдардан, тергеу және анықтама органдардан шыққан ресми құжаттарға.
8. ҚР Қорғаныс министрлігі: ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шыққан мұрағаттық анықтамаларға және мұрағат құжаттардың көшірмелеріне.
9. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитет: ҚР ҰҚК-ның арнайы мемлекеттік мұрағатынан шыққан мұрағаттық анықтамаларға және мұрағат құжаттардың көшірмелеріне.

Құжаттарды «апостиль» мөрімен бекіту үшін қонсулдық алым ставкасы 45 евро

Бас консулдығының есеп шоты:
Generalkonsulat der Republik Kasachstan
Konto: 238165501
BLZ: 10070000
Deutsche Bank