Қазақстандық визаларды алу ережелері

Визасыз режим орнату туралы

 Қазақстан Республикасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 838 қаулысымен  Аустралия Одағы, Америка Құрама Штаттары, Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Түркия Республикасы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы азаматтарына визаcыз режим орнатылды.

Осыған орай, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде визасыз кіре/кете алады және транзитпен өте алады.

Көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатта болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге «іскерлік» санатындағы бірмәртелік визаларды береді.

 Виза алудың жеңілдетілген тәртібі

 Қазақстан Республикасының шетелдердегі консулдық бөлімдерінде бір мәртелі А3 (қызметтік), В1, В3 (іскерлік), В10 (жеке) және В12 (туристік) санатты 30 күндік визаларын рәсімдеу кезіңде келесі 48 мемлекет азаматтары: Австралия, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгар Республикасы, Бразилия, Федеративтік Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Иордан Хашимит Корольдігі, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Катар Мемлекеті, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Лихтенштейн Князьдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан Республикасы, Малайзия Федерациясы, Мальта Республикасы, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі,Эстон Республикасы шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылады.

 

Назар аударыңыз: Құжаттар мен визалық сауалнамаларды пошта арқылы жібермеуіңізді сұраймыз. Пошта арқылы жіберілген құжаттар қарастырылуға жатпайды. Қазақстан Республикасының елшілігі пошта арқылы жоғалған құжаттарға жауап бермейді! Құжатарды жеке немесе туристік агенттік арқылы тапсыруды сұраймыз.

Консулдық мекеме өтініш берушіден қосымша құжаттарды талап ету құқығын сақтайды.