Қазақстан Республикасы азаматының паспортын айырбастау туралы ақпарат

ҚР азаматының паспортын айырбастау үшін ҚР азаматы құжаттарды толық жинап, Консулдық бөлімге жеке өзі келуі қажет. Төмендегі құжаттардың бәрі екі данадан болуы тиіс:

  1. Орнатылған үлгідегі жаңа паспортқа арыз – 2 дана;
  2. Туу туралы куәлігінің төл нұсқасы және көшірмесі – 2 дана.;
  3. ҚР азаматының паспорты және оның көшірмелері (паспорттың жеке мәліметтер туралы парақтары, Германияға тұрғылықты тұруға кеткені туралы ҚР ІІМ-нің белгісі, консулдық тіркеу және де тұруға ықтиярхаты) – 2 дана;
  4. Германия мекемелерінен Сізде неміс азаматтығы жоқтығын және неміс азаматтығын алуға арыз бермегеніңізді растайтын анықтама және оның көшірмесі (Negativebescheinigung) (қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармаcымен- 2 дана)
  5. Неке қию туралы куәлігінің төл нұсқасы және оның көшірмесі – 2 дана. Егер неке қию ГФР аумағында болса, неке қию туралы куәлігіне қоса фамилияңызды өзгерткенді растайтын отбасы кітабынан көшірменің төл нұсқасы мен көшірмесін қоса тапсыру қажет (қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармасымен ) – 2 данадан;
  6. 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің төл нұсқасы және олардың көшірмелері (Егер балалар ГФР аумағында туса, туу туралы куәліктерінің қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармасымен) – 2 дана;
  7. 3,5х4,5 фотосурет – 4 дана. Суреттер соңғы кезде түсірілген болу керек, тура алдынан, жарық фонда, күлкісіз түсірілген, суреттегі бейнеңіз 75%-тен кем болмау керек, сондай-ақ басыңыздың үсті мен суретіңіздің екі жанында ақ жиек қалдырылуы керек.
  8. Сіздің мекен-жайыңыз жазылған маркалы конверт (0,55 ц.) – 1 дана.
  9. Есеп-шотқа 40,- Евро ақы төлегеніңізді растайтын түбіртегіңіздің төл нұсқасы және көшірмесі (Kontoauszug)

Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығына барсаңыз, ақшаны төмендегі есеп-шотқа аударуды сұраймыз:

Generalkonsulat der Republik Kasachstan
Konto: 238165501
BLZ: 10070000
Deutsche Bank

Азаматтың жаңа паспорт алу туралы өтініші Қазақстанға жіберіледі. Құжаттарды қарастыру мерзімі орташа алғанда 3-6 ай.
Назар аударыңыз: ГФР-ға уақытша (жеке сапар, туристік сапар) кеткен азаматтарға Паспорттары тек ГФР-дағы ҚР консулдық мекемелері арқылы ҚР құзырлы органдарына тұрақты тұруға қалдыру туралы арыз беріп, оң жауап алынғанда ғана ауыстырылады.
ҚР Елшілігі Консулдық бөлімінің жұмыс уақыты: сәрсенбі, сенбі, жексенбі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Германия Федеративтік Республикасының мейрам күндерінен басқа күндері сағат 9.00-дан 12.00 сағатқа дейін
.