ҚР азаматының ЖСН-і жоқ паспорттары жарамсыздығы туралы

2013 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының ЖСН-і жоқ паспорттары мен жеке куәліктері жарамсыз болып табылады.

Бұл ретте Қазақстанға ескі үлгідегі ЖСН жоқ паспорттарымен жеке тәртіпте келген Қазақстан Республикасының азаматтары тұрақты тұратын жеріне қайта оралуы кезінде және  Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бақылау-өткізу бекеттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын өту барысында паспорттарының жарамсыздығы себебінен ұшуға жіберілмейді.

Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бақылау-өткізу бекеттерінде орын алатын келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында ЖСН-і жоқ паспорттардың жарамсыздығы және оларды жаңа үлгідегі паспорттарға ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлаймыз.