Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Алда келе жатқан Қазақстан Республикасының

мереке күндеріне орай,
Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы
2017 жылдың 1, 8-9 мамыр
күндері жұмыс істемейді. 

Құрметпен Бас консулдық ұжымы

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Konsulat in Frankfurt

Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас консулдығының веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттеміз. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едік: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм. Себебі осы тараулардан олар Қазақстан экономикасы туралы маңызды деректерді ғана емес, сондай-ақ еліміздегі инвестициялық ахуал, бизнес келешегі, болашақта ықтимал іскерлік серіктестер туралы да мәліметтер де ала алады. Қазақстанға барғысы келетіндер үшін визалық тәртіп пен елімізде жүріп-тұруға қатысты басқа да мәселелер туралы бөлімдер пайдалы деп сенеміз. Консулдық мәселелер бойынша ақпарат Германияға тұрақты тұруға көшіп келген көптеген бұрынғы қазақстандықтар үшін де пайдалы болар. Сіздерге көп жақсылық тілей отырып, Қазақстан Республикасы Бас консулдығының веб-сайтына келгендеріңіз үшін рахмет айтамыз.

Шын жүректен, Бас консулдықтың ұжымы

Қазақстан

map
Мемлекеттiк құрылысы. Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.

Толығымен… >>